Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет15/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94
Абайдың-таксономиясы

2.2 Категориялары 
2.2.1 Тоқтаулылық; 
2.2.2 Талаптылық; 
2.2.3 Шыдамдылық. 
3 Жүрек  
3.1 Сипаттары 
3.1.1 Жүрек – адамның денесінің патшасы;
3.1.2 Қан жүректен тарайды;
3.1.3 Жан жүректе тұрады;
3.1.4 Жүрексіз тіршілік жоқ;
3.1.5 Адамға жақсылық ойлататын, басқаларға жанын 
ашытатын – жүрек;
3.1.6 Ұят сақтатып, рақым қылдыратын – жүрек;
3.1.7 Адам баласын алаламайды;
3.1.8 Жақсылыққа елжіреп, ериді;
3.1.9 Жаманшылыққа жиреніп, тулап кетеді;
3.10 Махаббат, иман − жүректе.
3.2 Категориялары 
3.2.1 Əділет; 
3.2.2 Ынсап;
3.2.3 Ұят; 
3.3.4 Рақым. 
Абай ілімінің біз ұсынып отырған мағыналық-құрылымдық 
моделі жүйесінде əр құрамдас бөліктің сипаттары, кате-
гориялары Абайдың шығармашылық мұрасында көрініс тапқан 
ұғымдар мен түсініктер негізінде түзілді. Аталған сипаттар мен 
категориялар өзгермейді, жетілдірілмейді деуге болмайды. Бұл 
бағытта жасалар жұмыстарға ешкім тежеу қоймайды. Ең бастысы 
– Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық моделінің жасалғаны. 
Жасалған модельге сүйене отырып, Абайдың ілімінің мағыналық-
құрылымдық моделін көз алдымызға алып келіп, оны нақты 
белгілері бойынша саралау мүмкіншілігіне қол жеткізудің өзі – 
əлеуметтік маңызы бар үлкен нəтиже. Сонымен қатар мына 
жайды ескеруге тура келеді: Абай ілімінің Абайдың 


34 
шығармашылық мұрасындағы жүйесін Абай ілімінің біз жасаған 
мағыналық-құрылымдық моделі алмастыра алмайды.
Модель 1 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау 
Шартты белгілердің мəні: 
1 – Ақыл 
2 – Қайрат 
3 – Жүрек 
Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық моделі – шартты, 
символдық мəндегі теориялық үлгі. Ол – Абай ілімінің Абай 
шығармашылығындағы жүйесінің жинақталған, тұтасқан, сөйтіп 
көрнекі үлгіге түскен түрі. Онда Абай ілімінің басты мағыналық-
құрылымдық жүйесі көрініс тапқан. 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің өзара бірлігі мен тұ-
тастығы «Абай үшкілі» үлгісінде сипатталды. 
Абай: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек [6, 128], – 
дейді. Енді бірде ақынның: 
Үш-ақ нəрсе – адамның қасиеті: 
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [6, 249], –
деп жазатыны бар. Ақынның осы жəне басқа ойлары мен қағи-
далары негізінде ақыл, қайрат, жүрек арасындағы қатынасты 
жоғарыдағыдай «Абай үшкілі» үлгісінде бергенді дұрыс көрдік. 
Берілген үлгіде ақыл, қайрат, жүрек үшеуі өзара бірдей 
қатынаста, бірінен екіншісінің немесе үшіншісінің асықтығы, 
артықшылығы немесе кемдігі жоқ. Қайрат ыстық, ақыл нұрлы, 
жүрек жылы – бұл қасиеттер маңызды, мəнді. Бірақ бұл үшеуі-
нің қасиеттері қандай маңызды, мəнді болса, олардың адамның 
тіршілігінде алатын орнының, атқаратын қызметтерінің бірдей 
болуы да басты шарт.





35 
Абай ілімінің мағыналық-құрылымдық моделі бірбүтін 
күрделі тұтастық болғанда, оның құрамдастары сол бүтіннің 
бөлшектері түрінде дараланады. Құрылымдық жүйеде осылай 
екені рас. Ал бұлардың қызметінің арасындағы қатынастан 
туатын қасиет бөле-жаруға келмейді, ол – бірбүтін.
Модель 2 
Ақыл 
Шартты белгілердің мəні: 
1 – Ақыл 
2 – Ақылдың сипаттары 
3 – Ақылдың категориялары
Адамның қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек 
үшеуінің өзара жарасымы, келісімі, бірлігі нəтижесінде туады. 
Бірақ бұлардың ешқайсысы да адамның қасиетін білдіретін 
бүтіннің бөлшегі бола алмайды. 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің əрқайсысы «Абай 
үшкілі» үлгісінде ұсынылды. Мысалы: Ақыл-↔сипаттары-↔-
категориялары. 
Абайдың Имани гүл концепциясы үш сүюге негізделеді. 
Абай: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол Алланы жаннан тəтті. 
Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп, 
Жəне хақ жолы осы деп əділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл... [2, 304]
– 
дейді. Абайдың Имани гүл концепциясы туралы тарауда Имани 
гүлдің мəні, құрылым жүйесі арнайы пайымдалды. Имани гүлдің 
құрамдастары, үш сүюдің мəнісі мен сипаттары, олардың 
арасындағы қатынастар жүйесі анықталып, жаңа тұжырымдар 
жасалды. Абайдың Имани гүл концепциясының құрамдастарын 
Абай үшкілі үлгісінде пішіндеудің дұрыстығы дəйектелді.
Абайтану ғылымында Абайдың Имани гүліндегі үш сүю 
түрлі тұрғыдан сипатталды. Олар Абайдың Имани гүл концеп-
циясы туралы тарауда кеңінен пайымдалды. Біз ұстанған қағида 





36 
бойынша, мұндағы əр сүюдің сүюшісі – əрі сүюші, əрі сүйікті. 
Осы қағида тұрғысынан пайымдағанда ғана Абайдың Имани 
гүліндегі үш сүюдің мəнін дұрыс түсінуге болады. 
Модель 3
Имани гүл 
Шартты белгілердің мəні: 
1 – бірінші сүю: Алланың адамды сүюі 
2 – екінші сүю: адамның Алланы сүюі
3 – үшінші сүю: адамның адамзаттың
бəрін сүюі 
Абайдың сипаттауында Имани гүл болатын үш сүюдің жүйе-
сіндегі үш субъекті де əрі сүюші, əрі сүйікті. Əрі сүюші, əрі сүйікті 
бола алмайтындар Имани гүл жүйесіне енбейді. 
Абайдың Имани гүл концепциясында үш сүю бары көрсе-
тілді. Сүю барда сүюші мен сүйікті бар. Үш сүюдің құрамдас-
тарының əрқайсысы əрі сүюші, əрі сүйікті. Абайдың Имани 
гүлінің ерекшелігі осындай бірбүтін жүйесінде. Бұл жүйедегі 
сүюші əрі сүйікті құрамдастарды басқалармен ауыстыруға немесе 
алмастыруға болмайды. Бұл үшеуінің Абай үшкіліндегі бірлігі мен 
тұтастығын бұзуға жол жоқ.
Абай ілімінің, Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қол- 
данудың мағыналық-құрылымдық модельдерінің теориялық
сипаттамасын жасау мақсатындағы жұмыстар мына бағыттар 
бойынша жүргізілді: а) мағыналық-құрылымдық модельдер тео-
риясын негіздеу; в) мағыналық-құрылымдық модельдің ғылыми 
сипаттамасы; с) мағыналық-құрылымдық модельдің үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет