Таланттар



бет65/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151
Таланттар

СУРЕТ- ЖАРИЯ

Баланы бірімен-бірін емес, өз мүмкіндігімен салыстыруға көңіл бөлуі керек. Әрқайсысы өз шығармасын жариялауға құқықты.


Алматыдағы бір американдық мектепте болғаным бар. Сондағы ілінген, сызылған, көрсетілген, барлық нәрсенің бала жан-дүниесін есепке алынып жасалғаны қызықтырып еді. Сырт көзге арнап жалтыратып, балаларға қол тигізбей, қақайтып қойған ештеме байқалмайды. Әр бөлменің қабырғасы балалардың жалбыраған суреттеріне толы. Осы идеяны мектебімізде қолдандық. Мұғалімдерімізді кезек-кезек алып барып, сабақтарына кіргіздік (мұғалім ізденуден қалған күні мұғалім болудан қала бастайды).
Сырттан келген кісілер кең фойеміздің қабырғаларында желім қағазбен жапсырылған үлкенді-кішілі суреттерді, бір-екі шумақ өлеңді, бір ауыз тапқыр сөзді, кроссвордты, жақсы шығарылған есепті, 3 жылдық оқушысының ойдан шығарған жарты немесе бір бет әңгімесін көрер еді. Үзілісте оқушылардың өзі жаңа ілінген дүниені оқып-көріп жатады. Біз де үңілеміз.
Қысқасы, шәкірттің титтей шығармашылық талабы жарияланады. Оны мұғалім әкеліп іледі, оқушы өзі жапсырып, әйтеуір тынымсыз тіршілік жүріп жатады. Олар жай қағаз емес, шәкірт жүрегінде бұғып жатқан шығармашылықты түртіп оятатын қағаздар.


ЛЕЗДЕМЕ ТАҚТА

Оқу бөлмелерінен шыға берісте бір тақта ілініп тұрды. Жанында дайын бор бар. Мағынасын түсінбеген адам: «Дәл осы жерге тақтаның не керегі бар?» – деп ойлайтын.


Баланың қимылы шапшаң. Сезімі лездемде. Өзінен-өзі секіреді. Жерден бір тасты ала салып, іргені сызады, партаны шимайлайды. Шығармашылықтың бәрі бірден мәдениеттіліктің деңгейіне жете қоймайды. Ойына келіп қалған сөзді жаза салады. Бойында жиналып қалған қуатты тез сыртқа шығаруы керек. Оны тежей берген дұрыс емес. Өтіп бара жатып лездемеде тақтаға бір досының керемет суретін сала салсын. Басқа сыныптың бір оқушысын туған күнімен құттықтайтынын білдіріп, леп белгісін қойсын. Төбе би өзінің хабарландыруын жазсын. Мұғалім оқушыларын консультацияға шақырсын. Жазатын жер болса, сөз табылады.
Міне, ол – тақтаның міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет