ЕР
1-12бет 16
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
80. Банкке клиенттен шағым түскен жағдайда, Банк банктік қызметтерді көрсету ережесі және
Клиенттердің шағымдарын қарастыру тәртібі туралы заңға сәйкес түскен шағымды қабылдауға және
қарастыруға міндетті.
81. Банк және оның клиенттері шарттың талаптарын сақтауға, оларға шарттың (тараптардың
келісімі) талаптарында жүктелген міндеттерді орындауға міндетті.
82. Шарттарда (тараптардың келісімінде) қарастырылған міндеттерді
орындамағаны немесе
тиісті орындамағаны үшін Банк және оның клиенттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына
және шарттарға (тараптардың келісіміне) сәйкес жауапкершілікте болады.
83. Шарттарда тараптардың жауапкершілігін алып тастайтын
немесе шектейтін талаптар
қарастырылуы мүмкін, мысалы, еңсерілмес күштердің жағдайы (форс-мажор), шарттың (тараптардың
келісімі) тараптарына байланыссыз.
84. Ақша аударымдары мен төлемдерді тиісті жүргізбеген жағдайда,
Банк Қазақстан
Республикасының заңнамаларына және клиентпен жасалған шарттарға (тараптардың келісіміне)
сәйкес жауапкершілікте болады.
85. Банк Ереженің № 1 және 2-қосымшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелер мен тарифтерге
сәйкес банктік операцияларды жүргізгені үшін комиссия өндіріп алуға құқылы.
86. Банк клиенттің ақшасының клиенттің төлем құжатын қате ресімдегені үшін, соның
нәтижесінде өз уақытында емес немесе қате есептен шығарылғанына және/немесе
есеп айырысу
құжаттарын өңдеуді белгіленген мерзімнен ұзақ кешіктіргені үшін жауапкершілікте болмайды.
87. Банк клиенттен телебайланыстық,
пошталық, сонымен бірге басқа да жүргізілген
операциялар бойынша нақтылы келтірілген шығындарға қосымша төлем ұстайды.
88. Банк клиенттің шотынан акцептісіз тәртіпте және клиенттің қосымша тапсыруынсыз
комиссиялық сыйақы мен Банкке келтірген қосымша шығындарды ұстап қалуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: