ЕР
1-11бет 16
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- кепіл берушінің Банкте ашылған банктік жинақ шоттарында орналастырылған салымдары
(депозиттері);
- жылжымалы мүлік (көлік құралы, өтімді тауар өнімі, құймадағы тазартылған құнды
металдар, Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген құнды металдардан жасалған
монеталар, бағалы қағаздар және басқа мүліктер);
- жылжымайтын мүлік (жер телімдері, сондай-ақ үймереттер, ғимараттар және басқа да
мүліктер);
– заңды және жеке тұлғалардың Банкке кепілдіктерінің сенімділіктің жоғары рейтингінің
болуы;
– жеке тұлғаның кепілгерлігі.
72. Банк қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қабылданатын
кепілдіктерге келесі талаптар ұсынылады:
– Банкке ұсынылатын кепіл кепіл берушінің меншігі болуы тиіс, бұл ретте Банкке кепілге
берілетін мүлікке кепіл берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар ол туралы тіркеу органын,
сондай-ақ кепіл заты қандай да бір ауыртпалықтан және үшінші тұлғаның наразылығынан бос екенін,
тыйым салынбағанын жазбаша растау ұсынылады;
– кепіл мүлкі өтімділікті болуы тиіс. Банк қажет кезінде кепіл берушіден кепілге берілетін
мүліктің нақты құны туралы аудиторлық қорытынды немесе тәуелсіз бағалаушы компаниядан оның
бағалауын жүргізуді талап етуге құқылы;
– Банктің талап етуі бойынша, Кепіл берушінің кепілге қабылданатын мүлкін Кепіл беруші
сақтандыруы тиіс (егер кепіл шартының қолданылуы мерзімінің ішінде кепілге салынған мүліктің
бұзылу тәуекелі немесе жоғалуы бар болса). Мүлікті сақтандыру қажеттігі Банктің уәкілетті
органының шешімімен және кредиттік өнімдерді беру талаптарымен анықталады.
73. Банк берілген қарыз бойынша кепілге қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын мүліктердің
түрлері мен тізілімі «Еуразиялық банк» АҚ
Кепілдік саясатында
анықталған..
74. Банктер туралы заңға сәйкес кепіл беруші/қарыз алушы сақтандыру ұйымын және/немесе
бағалаушыны өзінің қарастыруы бойынша таңдауға құқылы.
75. Банк банктік қарыз шартының (шарттарының) жасалуы (жасалған) шеңберінде жаңа
қарыздарды беруді біржақты тәртіпте тоқтатуға келесі жағдайларда құқылы:
1) Банкте банктік қарыз шартына сәйкес жаңа қарыздарды ұсынуды жүзеге асырмау құқығы
туындағанда;
2) банктік қарыз шарты бойынша, қарыз алушы Банк алдындағы өзінің міндеттемелерін
бұзғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес, Банк жүргізген
мониторинг нәтижелері бойынша айқындалған, қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;
4) банктік қарыз шартын/келісімді Банктің тиісті орындауына әсер ететін Қазақстан
Республикасының заңнамаларының талаптарының өзгеруі.
76. Банктік қарыз шартын жасау, лизингі, факторингі, форфейтингі, вексельдер есебі,
кепілдіктерді, кепілгерлікті, аккредитивтерді шығару қарыз алушының/қосарлас қарыз алушының/
клиенттің ол туралы мәліметтерді ұсынуға және мәміле жасауға жазбаша келісімінің болуы, сондай-ақ
тараптардың өздерінің міндеттерін орындаумен байланысты Банктің кредиттік бюро деректерінің
базасына ол туралы кредиттік есеп беру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына
және Банктің ІНҚ-қа сәйкес дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім берумен байланысты
ақпараттарды ұсыну міндетті талаптар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |