Тамақ өнімдері технологияларының теориялық негіздері» ДӘріс №11. Тамақ өнімдерін өндіруде шикізатты өңдеудің электрофизикалық әдістері Сыздыкова Л. С. «Тағам өнімдерінің технологиясы»


Ультракүлгін сәулелер (УК) (сәулелік стерильдеу)



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата13.04.2023
өлшемі4.32 Mb.
#472194
1   2   3   4   5   6   7   8
№11 дәріс. ТӨТТН

Ультракүлгін сәулелер (УК) (сәулелік стерильдеу)
жоғары 
энергияға ие және олардың сіңіретін субстрат молекулаларында және 
микроорганизмдердің жасушаларында фотохимиялық өзгерістер 
тудырады. 
УК-сәулеленуді тоңазыту камераларының, өндірістік үй-жайлардың ауасын 
зарарсыздандыру (дезинфекциялау) үшін, асептикалық консервілеу кезінде 
технологиялық процесте, тамақ өнімдерін құю және буып-түю кезінде сырттан 
инфекция жұқтырудың алдын алу үшін; ыдыстар мен буып-түю 
материалдарын зарарсыздандыру үшін пайдалану ұсынылады. 
Жеміс-көкөніс консервілерін стерильдеу үшін оны 
сәулелердің төмен сіңіру қабілетіне байланысты 
қолданбайды. Құрамында майы бар өнімдерді 
сәулелендіруге болмайды, өйткені УК-
сәулелерінің әсерінен өнімдерде, сондай-ақ 
өнімнің өзіне де әсер ететін сутегі мен озон 
тотығы пайда болуы мүмкін. Бұл ретте өнімнің 
дәмдік және тағамдық қасиеттері нашарлайды
Микроорганизмдерге УК-сәулелерінің әсер ету 
тиімділігі сәулелену дозасына байланысты.
Ең үлкен бактерицидтік әсерге толқын 
ұзындығы 250-280 нм сәулелер ие. 


Ионды сәулелену арқылы консервілеу кезінде оның стерилдеу 
әсері үдерістің температурасын жоғарылатпай алынады. 
Сондықтан кейде иондаушы радиация арқылы консервілеу 
суықтай стерилдеу немесе суық пастерлеу деп аталады.
Ионды сәулелендіру
Азық-түлік өнімдерін өңдеу үшін рентгендік
сәулеленуді,
γ-сәулеленуді
немесе
жеделдетілген
электрондардың
ағынын
пайдаланады.
Иондаушы
радиацияның
әсер ету механизмі микроорганизмдердің
молекулалары мен атомдарын иондауға
негізделген, соның нәтижесінде олардың
қалыпты
биологиялық
функциялары
бұзылады және олар жойылады. Иондаушы
сәулеленудің әсерінен тірі жасушалардың
өлімі жасушаның нуклеин және басқа да
алмасуларындағы бұзылулар салдарынан
болады.
Сәулелену дозасының шамасы өнімнің 
түріне, сондай-ақ залалданған 
микрофлораның сипаты мен даму 
қарқындылығына байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет