Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


М. Жүріс сапарының қашықтығына қарай



бет29/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
Курс лекции каз

5М. Жүріс сапарының қашықтығына қарай:
• екі жəне одан да көп жолдардың шегінде жүретін – желілік пойыздар;
• бір жол шегінде жүретін – жол ішілік пойыздар. Жүк пойыздарын мамандандыру сызбасы 7 суретте көрсетілген.
Белгілі бір стансаларды байланыстыратын жүк пойыздарының қандай санаттарға жататыны темір жолдар бағыты мен торабының мысалында келтірілген.
Пойыздарды құрастыру сызбаларында көрсетілген жүк тиеутүсіру жəне техникалық операцияларды атқаратын стансаларда вагон ағындарын пойыздан пойызға өткізудің мүмкін болатын мынадай нұсқалары көзделген:
• жүк тиелген вагон ағындарында ;
• өзіндік жəне жалға алынған бос вагон ағындарында;
• Ресей, ТМД жəне Балтық бойы мемлекеттері темір жолдарының жалпы паркіндегі бос вагон ағындарында.
Лекция № 8
1. Пойыздардың жүріс графигінің маңызы.
2. Пойыздар жүрісінің график торы.
3. Пойыздардың жүріс графиктерін жіктеу.

Телімдер мен полигондарда пойыздардың жүрісін басқару жүйелері пойыздар жүрісіндегі негізгі техникалық сигнализация жəне байланыс құралдарына байланысты. Соларға байланысты пойыздардың жүріс графигі мен телімдердің өткізу қабілеті əр түрлі болады.


График негізінде телімдерде пойыздардың жүрісі іске асырылады. Ол тасымалдауды ұйымдастырудың негізі бола отырып, темір жолдың бүкіл бөлімшелерінің жұмысын біріктіреді жəне темір жолдың барлық пайдалану жұмыстарының жоспарын көрсетеді.
Пойыздардың жүріс графигі – теміржол көлігінің барлық қызметкерлері үшін бұлжымас заң, оның орындалуы темір жолдар жұмысының ең маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Пойыздардың жүріс графигін “ҚТЖ” ҰК” АҚ басшылығы бекітеді.
Стансалардың, деполардың, тартым қосалқы стансаларының, техникалық тексеру қосындарының жəне темір жолдың басқа да пойыздар жүрісіне қатысты бөлімшелерінің технологиялық жұмыс үрдісін дұрыс ұйымдастыру жəне дəл орындау арқылы пойыздардың графикпен жүрісі қатаң сəйкестікте қамтамасыз етіледі. Пойыздардың жүріс графигін бұзуға рұқсат етілмейді (ТПЕ, 13.1-тармағы).
Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелеріне сəйкес (ТПЕ, 13.2-тармағы) пойыздардың жүріс графигі:
• жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау қажеттілігінің қанағаттандырылуын;
• пойыздардың жүріс қауіпсіздігін;
• телімдердің өткізу мен тасымалдау қабілетінің жəне стансалардың өңдеу қабілетінің барынша тиімді пайдаланылуын;
• жылжымалы құрамның ұтымды пайдаланылуын;
• локомотив бригадаларының белгіленген үздіксіз жұмыс істеу уақытының сақталуын;
• жолды, СОБ, байланыс жəне электрмен жабдықтау құрылғыларын ағымды күтіп ұстау жəне жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет