Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Қамтитын вагондарының күйіне қарай



бет28/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
Курс лекции каз

3. Қамтитын вагондарының күйіне қарай:
• тиеулі (жүк) пойыздар;
• бос пойыздар;
• құрама (тиеулі жəне бос вагондардан тұратын) пойыздар. 4. Құрамдағы топтарының санына қарай: • сұрыптау немесе жүгін түсіру стансасы бір вагондардан құралған – біртопты пойыздар;
• топтық пойыздар.
4. Жүріс жылдамдығына қарай:
• масса нормасы азайтылған жəне көтеріңкі маршруттық жылдамдықпен жүретін жедел жəне жеделдетілген. Бұлар – рефрижераторлық жəне контейнерлік пойыздар, сүт таситын пойыздар жəне т.с.с.;
• əдеттегі пойыздар.
Маршруттық пойыздар былайша бөлінеді:
1М. Ұйымдастыру жағдайына қарай:
• бір стансада немесе бір кірме жолда бір жүк жөнелтуші ұйымдастырған жөнелтуші пойыздары;
• əртүрлі жүк жөнелтушілердің бір стансада тиеген вагондар тобынан біріктірілген стансалық сатылық пойыздар;
• телімнің бірнеше стансасында бірнеше (немесе бір) жүк жөнелтушілердің тиеген вагондар тобынан біріктірілген телімдік (тораптық), сатылық пойыздар;
• мекен жайлық базада (базаға жақын телімдерде, стансаларда жинақталған вагондардан) құрастырылған пойыздар.

7-сурет. Темір жолдар желілерінде жүк пойыздарын мамандандыру сызбасы


2М. Вагондардың жеткізілуіне қарай:
• бір стансада түсірілетін вагондарды қамтитын, тікелей пойыздар;
• бірнеше стансада түсірілетін вагондарды тарату үшін бір стансаға баратын пойыздар.
3М. Вагондардың құрамда орналасу тəртібіне қарай:
топтық пойыздар, мұнда вагондар стансаларға, жүк иелеріне жəне жүк түсіру телімдеріне қарай іріктеледі;
• вагондары іріктелмеген пойыздар.
4М. Айналымына қарай:
• айналымды маршруттар, құрамдары жүгін түсірген соң жүк тиелген стансаға, құрамын өзгертпестен, бос күйінде оралады. Бір кəсіпорнына қызмет ететін жəне алыс емес қашықтықтан оралатын айналымды маршруттарды айналмалы деп атайды;
• əдеттегі (айналымды емес) маршруттар, стансаға оралуы міндетті емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет