Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Пойыздардың жүріс графиктерін жіктеу



бет31/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Курс лекции каз

Пойыздардың жүріс графиктерін жіктеу.
Пойыздардың жүріс жылдамдығына қарай параллельді және параллельді емес (қалыпты) графиктер деп бөлінеді.
Параллельді графиктерде әрбір бағыттың пойыздары бірдей жылдамдықпен жүреді, сондық­тан олардың жүріс сызықтары өзара параллель болады.
Әдеттегі пайдалану жағдайында жүріс қалыпты график­термен атқарылады, өйткені жүк және жолаушылар пойыздары әр түрлі жылдамдықпен жүреді.
Аралықтардағы басты жолдардың санына қарай график­тер былайша бөлінеді:
• даражолды график – басты жол екі бағытта жүру үшін пайдаланылады және пойыздар станциялар мен айрылымдарда ғана кездесіп айырылыса алады;
• қосжолды график – әр түрлі бағыттың пойыздары мамандандырылған жолдармен бір-бірінен тәуелсіз жүреді, олар станциялар мен озба бекеттерде ғана емес, аралықтарда да кездесіп айырылыса алады;
• көпжолды график (басты жолдардың саны мен олар­дың мамандануына қарай) – басты жол үшеу болатын жағдайда даражолды және қосжолды графиктен немесе басты жол төртеу болатын кезде – екі қос­жолды графиктен тұрады;
• даражолды-қосжолды график, яғни даражолды және қосжолды аралықтардан немесе қосжолды айырымдардан тұратын телімдегі график – пойыздардың бір бөлігі қосжолды аралықтарда немесе қосжолды айырым­дарда тоқтамастан айырылысады, ал қалғандары – тарам жолды бекеттерде айрылысады.
Жолай жүру бағытындағы пойыздардың орналасуына қарай графиктер мынадай болуы мүмкін:
• әдеттегі (пакеттік емес) график – даражолды телімдегі пойыздар аралықтарда жүріс бағыты өзгертіліп алма-кезек салынады;
• топтама (пачкалы) график – жолай бағыт­тағы пойыздар станциялық ара қашықтықпен бөлініп жүреді (пойыз жүрісінің аралықтағы уақыты мен жолай жүрісті станциялық интервалмен). Бұл бұрынырақ жөнел­тілген пойыз алда тұрған станцияға келмейінше, аралыққа пойыз жөнелтуге болмайды дегенді білдіреді, яғни аралықта бір уақытта бір ғана пойыз болуы тиіс. Бұл график жартылай автоблоки­ровкамен жабдықталған қосжол­ды телімде және даражолды телімде – тақ график­те қолданылады;
• пакеттік график – мұнда жолай бағыт­тағы пойыздар автоблокировкада (диспетчерлік орталық­тан­дыруда) блок-аралықтармен шекте­леді, немесе блок-қосын­дары бар жартылай автоблокировкада – қосынаралық­­­тар­мен шектеледі. Бұл жағдайда станциялар арасында бір уақытта пакет түзетін бірнеше жолай пойыздар болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет