Теориялық биология курсы ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет5/16
Дата30.09.2022
өлшемі71.42 Kb.
#461694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
теор.био. дәріс тезистер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Табиғи сұрыптау немесе Дарвин заңы
2. Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау;
3. Морфофизиологиялық процесс
Тест тапсырмалары
1. Табиғи сұрыптау заңы
А) Вернадскийдің бірінші заңы
В) Кренке заңы
С) & Дарвин заңы
D) Сент - Илер заңы
Е) Морган -Эфрусси заңы
2. Тірі формалардың эволюция барысында ұйымдасуының күрделенуі, өмірдің пайда болуынан бастап, тірі табиғаттың тарихи дамуының ең жоғарғы кезеңі болып есептеленетін, адамның қалыптасуына дейінгі биологиялық эволюцияның заңды ерекшелігі
А)& Морфофизиологиялық процесс
В) Табиғи сұрыптау
С) Тіршілік үшін күрес
D) Популяция
Е) Эволюциялық процесс
3. Организмдердің биомассасынан құралған органикалық дүние планетарлық жұқа қабықты және жер қыртысының геологиялық құрылысына, өсімдіктер мен тірі микроорганизмдердің эволюциясына, адамзаттың пайда болуы мен оның өмір сүруіне себепші болған, оның өмір сүру ортасы
А)& Биосфера
В) Гидросфера
С) Литосфера
D) Атмосфера
Е) Топырақ
4. Тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі
А) Тіршілік үшін күрес
В) Морфофизиологиялық процесс
С) Популяция
D) Эволюциялық процесс
Е)& Табиғи сұрыптау
5. Көбеюге шексіз бейімділігі және табиғи ресурстардың шектеулілігі байланысты тірі ағзалардың өзара бірін-бірі ығыстыруы 
А)& Тіршілік үшін күрес
В) Морфофизиологиялық процесс
С) Табиғи сұрыптау
D) Эволюциялық процесс
Е) Популяция

1

№ 5
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жаңару процесінің негізгі көріністері
2. Хронобиология
3. Тірі жүйенің мерзімдік сипаттамасы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кез-келген ағза өмірінің шегі бар. өмірінің ұзақтығы оның тұқымқуалаушылығы мен өмір сүру жағдайына байланысты. Ағзаның өзінің табиғи өніміне, жеке өмір сүруін тоқтауға қарай алға басқан қозғалысы оның қартаюының, яғни әлсіреуі мен өміршеңдігінің өшуіне байланысты.
Жеке тұлғаның (индивидтің) өмірімен салыстырғанда түрлердің өмірі уақыт мерзімі мен потенциалды шектелмеген, және ол өзіне қолайлы жағдайдың өзгерусіз сақталған кезінде, қанша ұзақ уақыт болса да өмір сүре алады. Түрлер өмірінің үздіксіздігі особьтардың ұдайы өсуін қамтамасыз етеді. Қайта жасауға ұмтылған ілгерілемелі қозғалыс, қайта жасауды қамтамасыз ететін процестер жеке ағзанын дамуының маңызды түрін құрайды.
Жеке дамудың бұл жағы ағзада өтетін жаңару процесімен байланысты. Жаңару процесінің негізгі көріністері - бұл тірі заттың жаңа пайда болуы, жасушаның бөлінуі, морфогенез, регенерация (қалпына келу) процестері, ұрықтану. Жаңалану процесі - қартаю (ескіру) процесіне қарама - қарсы. Бұл процестердің қарама-қайшылық тұтастығы ағзаның жеке дамуының негізін құрайды. Жас қисық сызығының жоғары бағытталған бұтағында жаңалық басым болса, төмен бағытталғанында - ескіру басым болады.
Ортаның әртүрлі формалары жаңалануға мүмкіндік туғызуы, яғни кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан да жеке ағзаның дамуы оның күнтізбелік және физиологиялық жасымен сәйкес келмейтін көрініске ие. Көпжылдық ағзаның жасушалар, ұлпалары мен мүшелерінің жастары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін және оған ағзаның пайда болған кезінен бергі жалпы жасы қосылады. әртүрлі жастылық әсіресе өсімдіктердің орталық мүшелерінде (ағзаларында) анық байкалады.
Бұл ағзалардың жастық өзгерістері ескіру мен жаңарудың байланысын бейнелейтін заңды сипаттамалы морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістерде көрініс табады. Бұл сәйкес жас белгілерінің арқасында ағзаның бұрыңғы даму жағдайын анықтауға, алдыңғы сатысында оның тез жетілетіндігін және де ескіру мен жаңаланудың қарқынына байланысты болған басқа да тұқымқуалаушылық ерекшеліктерін болжауға мүмкіндік береді.
Онтогенетикалық ескіру және жаңару заңы ботаник Н.П.Кренкенің (1892-1939) өсімдіктердің циклдық ескіру және жаңалану теориясынын негізгі жағдайлары, жалпы биологиялық тұжырымдау болып табылады.
Кренке анықтаған өсімдіктердің жастық өзгермелілік заңдылығы дамуды ескірудің өлетіндігін және жаңаның пайда болуынын үздіксіз деп түсіну арқылы түсіндіріледі. Ескірудің барлығы туралы 200-ден астам теориялар бар. Олардың көбісі тек тарихи маңызға ие. Мысалы: ескіруді өзін-өзі уландыру, немесе ферменттер мен басқа заттар қорын тауысуға келтірілген. Қазіргі кезде ескірудің негізінде молекулярлық механизмдер жатыр деген теория кең тараған. Бұл теория, организмнің өз өліміне қарай үдемелі қозғалыс процесінде ДНҚ-ның деструкциялануы (біртұтастығының бұзылуы). Соған қарамастан Кренкенің теориясына сүйенген жоғарыда келтірілген заңға сәйкес ескіру процесі жаңалану процесімен тығыз байланысты. Сондықтан да онтогенездегі ДНҚ-ның біртұтастығының бұзылу процесіне соған сәйкес ДНК-ның қалпына келуіне (репарация) қарсы тұруы керек.
Онтогенетикалық ескіру мен жаңару заңының жалпы биологиялық сипаттамасы мынандай қорытынды жасауға алып келеді: қайта қалпына келетін ферменттердің әсерінен ДНҚ-ның бұрынғы күйіне келуі - бұл жеке құбылыс емес. Ол ағзаның жаңару процесіне себеп болғандықтан, сонымен бірге ескіруді тежейтіндіктен жеке даму барысындағы оның маңызы өте зор.
Онтогенетикалық ескіру мен жаңару заңы индивид өмірінің ұзақтығын көрсететін уақыт түсінігінің биологиялық ең маңызды тұстарының бірін ашады. Қазіргі заман биологиясындағы уақыт түсінігінің маңызы физикадағыдан кем емес. Тірі табиғаттағы молекулярлық немесе жасушалық, жеке мүше, жеке тұлға, популяция (тарқалым), биогеоценоз тіпті бүкіл биосфера деңгейіндегі биохимиялық реакциялар, жүйке қозуының берілуі, жүрек жұмысы ырғағының, жеке дамудың кезеңдері мен сатылары, биоценоздың алмасуы, эволюция кезеңдері, яғни жүріп жатқан кез-келген процесс белгілі бір мерзімнін ұзақтығымен сипатталады. Тірі жүйенің мерзімдік сипаттамасы тірі объектілердің тұқым қуалаушылық ерекшеліктерімен және сыртқы жағдайға байланысты болған биоритмдерде де (биоырғақтарда) көрініс табады. Биологияның объектілер мен процестердің уақыттың сипаттамасы бұл маңызды мөлшерлі белгі. Оның хронобиология зерттейді. Органикалық дүниенің даму кезеңдерінің ескілігі мен ұзақтығын биология мен геология ғылымдарының тоғысқан тұсындағы геохронология анықтайды.
Хронобиологияның қалыптасуында ССРО ғылым Академиясының 1931 жылдың ақырындағы жалпы жиналысында В.И.Вернадскийдің жасаған «Қазіргі заман ғылымындағы заң» атты баяндамасының орны ерекше Вернадский уақыт проблемасын дәстүрлі физика шекарасынан тысқа шығара отырып, оның геология, биология және басқа ғылым облыстарына да нақты қатынасы бар кем философиялық және жаратылыстанушылық проблема ретінде көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет