Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: 1. Онтогенездің біртұтастығы немесе Дриш заңы
2. Дриш Ханстың еңбектері
3. Инволюционалдық тұтастығы
Тест тапсырмалары 1. Онтогенездің біртұтастығы заңы А) Морган -Эфрусси заңы В) Вернадскийдің бірінші заңы С) & Дриш заңы D) Дарвин заңы Е) Сент - Илер заңы 2. Организмнің ішкі дүниесінің бірлігі, салыстырмалы түрдегі дербестігі мен оның жеке бөліктерінің өзара бір-біріне тәуелсіздігі
А)& Организмнің біртұтастығы
В) Организмдердің жеке-дара дамуы
С) Көбею
D) Даму
Е) Барлық жауаптар дұрыс
3 Теориялық биологияның қай заңы бойынша организмнің жеке- дара дамуы- біртұтас, бөлінбейтін процесс және келешектегі әрбір дамитын элементті тұтастай алғанда оның функциясы
А)& Ганс Дриштің атымен аталған заң
В) Морган -Эфрусси заңы С) Вернадскийдің бірінші заңы D) Дарвин заңы Е) Сент - Илер заңы 4. Организмнің жеке дамуының жасушаның бөлінуіне байланысты өзіне тән сатысы
А) Эмбрионалдық тұтастық
В) Постэмбрионалдық онтогенетикалық тұтастық
С) Инволюционалдық тұтастық
D) Организмнің біртұтастығы
Е)& Цитогенетикалық тұтастық
5. Организмнің жеке дамуының жұмыртқаның бөліну фазасына байланысты өзіне тән сатысы
А) &Эмбрионалдық тұтастық
В) Постэмбрионалдық онтогенетикалық тұтастық
С) Инволюционалдық тұтастық
D) Организмнің біртұтастығы
Е) Цитогенетикалық тұтастық
1
№ 7
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ассимиляция және диссимиляция
2. Ақуыз биосинтезі
3. Тыныс алу және ашу
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ассимиляция және диссимиляция процесстерінің жиынтығы ағзаның зат алмасуын немесе метоболизм процесін құрайды. Зат алмасу процесінде басты рөл ақуыз-ферменттерге және биохимиялық реакциялардың регуляторларына байланысты. Сонымен қатар, ақуыз қозғалыс, транспррттық, иммунологиялық және энергетикалық қызмет атқарады.
Ақуыз биосинтезі нуклеин қышқылдарының қатысуымен жүреді.
Ақуыз және нуклеин қышқылдарынан басқа, тірі денеде көптеген басқа органикалық қосылыстар бар. Олар липидтар мен көмірсулар. Липидтер мен көмірсулар құрылымдық және знергетикалық функциялар атқарады. Сонымен қатар АТФ. Тірі дененің бейорганикалық затына су жатады.
Энгельс биохимиялық тіршіліктің негізі ретінде ақуыздың рөлін ашып көрсеткен болатын.
Жаңа заман ғалымдары тіршіліктің физиолого-биохимиялық мәнін анықтай отырып, оның негізіне РНК және ДНК-ны да жатқызады.
Ағзаның қасиеттерін білу үшін тұтас ағзаның жеке 1 мүшелерінің ұлпаларын зерттеу қажет. Олар өз кезегінде жасушаға және ядросыз құрылымдарға бөлінеді. Ф.Энгельс форма мені функцияның бірлігі деп анықтады. Барлық тірі ағзаға зат алмасу, көбею, тұқым қуалау, өзгергіштік, қозғалу тән. Эволюциялық даму барысында бұл қасиеттер дамып отырады. Бір жасушалыларда бұл процесс қарапайым. Көп жасушалы ағзада бұл функциялар жеке құрылыстар арқылы орындалады. Ол –құрылыстарға - мушелер жуйесі —> мушелер —> ұлпа -> жасуша —> ядросыз тірі заттар.
Ағзалардың тіршілік әрекетінің тарихи дамуына реактивті функция ерекше орыналады. Реактивті функция - дегеніміз түрлі тітіркендіргіштерге рефлекс түрінде жауап беру қасиеті. Оны жүзеге асырушы жүйке жүйесі.
Тіршілікті зерттей отырып Ф.Энгельс былай деген «тіршілік дегеніміз ақуыздық заттың тіршілік ету тәсілі, оның тіршілік етуінің ең маңызды кезеңі, сыртқы табиғатпен үнемі зат алмасып, отыруы болып табылады. Зат алмасу тоқтағанда тіршілікте тоқтайды, белок бұзылады. Ағзаға қоректік зат үздіксіз түсіп, ол денеге сіңіріледі және одан клетка құралады. Тірі ағзада қалыптасу процесінен басқа ыдырау процессі қатар жүреді.
Жануарлар мен өсімдік жасушасының 3 негізгі айырмашылығы бар:
1. Жануарлардың жасушасында болатын центриоль жоғары
сатыдағы өсімдіктер жасушасында болмайды;
2. Өсімдіктер жасушасында пластидтер болады;
3. Өсімдіктердің жасуша қабығы целлюлозадан тұрады.
Сыртқы ортадан алынатын энергияның түріне байланысты тірі жасушаларды үлкен екі типке бөлуге болады. Бірінші типтің жасушаларын гетеротрофты жасушалар деп атайды. Бұған жататын адам ағзасының және жануарлардың барлык жасушалары.
Гетеротрофтылар - энергияны күрделі заттарды тотықтыру арқылы алады.
Автотрофты немесе фотосинтездеуші жасушалар - жасыл өсімдіктер жасушалары.
Вирустарды құрылысы жағынан жасуша деп есептеуге болмайды. Оларда әдеттегі жасушаларда болатын цитоплазмада органеллалар жоқ. Вирусты орыс ботанигі Д.И.Ивановский 1852 жылы ашты.