Теориялық биология курсы ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет6/16
Дата30.09.2022
өлшемі71.42 Kb.
#461694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
теор.био. дәріс тезистер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Онтогенетикалық ескіру және жаңару немесе Кренке заңы
2. Хронобиология
3. Тірі жүйенің мерзімдік сипаттамасы
Тест тапсырмалары
1. Онтогенетикалық ескіру және жаңару заңы
А) Морган -Эфрусси заңы
В) Вернадскийдің бірінші заңы
С) & Кренке заңы
D) Дарвин заңы
Е) Сент - Илер заңы
2. Тірі заттың жаңа пайда болуы, жасушаның бөлінуі, морфогенез, регенерация (қалпына келу) процестері, ұрықтану
А)& Жаңару процесінің негізгі көріністері
В) Хронобиология
С) Биологиялық және физикалық уақыт
D) Тірі жүйенің мерзімдік сипаттамасы
Е) Қартаю (ескіру) процесі
3. Онтогенетикалық ескіру және жаңару заңы Н.П.Кренкенің (1892-1939) қандай тірі организмдердің циклдық ескіру және жаңалану теориясынын негізгі жағдайлары, жалпы биологиялық тұжырымдау болып табылады
А)& Өсімдіктердің
В) Омыртқалы жануарлардың
С) Омыртқасыз жануарлардың
D) Саңырауқұлақтардың
Е) Балдырлардың
4. Белгілі бір уақыт аралығында биологиялық жүйелерде болатын ырғақты өзгерістерді зерттейтін саласы
А) Генетика
В) Физиология
С) Парадигма
D) Эволюциялық процесс
Е)& Хронобиология
5. Көбеюге шексіз бейімділігі және табиғи ресурстардың шектеулілігі байланысты тірі ағзалардың өзара бірін-бірі ығыстыруы 
А)& Тіршілік үшін күрес
В) Морфофизиологиялық процесс
С) Табиғи сұрыптау
D) Эволюциялық процесс
Е) Популяция Онтогенетикалық ескіру және жаңару немесе Кренке заңы

1

№ 6
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Инволюционалдық тұтастығы
2. Цитогенетикалық тұтастығы
3. Эмбрионалдық, постэмбрионалдық тұтастығы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ағзаның біртұтастығы – жеке мүшелердің біртұтастыққа бағыныштылығы. Ол онтогенездің барлық стадияларында көрініс береді.
Онтогенездің тұтастығы жүйелік және регуляторлық факторлардың әрекеттерінде негізделеді. Олар цитогенетикалық, морфогенетикалық, морфофизиологиялық, гармондық, ал кейбір жануарларда нейрогуморальдық факторлар. Осындай факторлар ағзаның тіршілік әрекетінің дамуын қоршаған орта жағдайларымен реттеп отырады.
Тұтастық қасиетінің сандық көрінісі бар. Өсімдіктердің біртұтастығы жануарлармен салыстырғанда оте аз керініс тапқан. Регенерация процесінің нәтижесінде тұтастық өседі.
Неміс эмбриологы Ханс Дриштың (1867-1914) атымен байланысты биологияның теориялық заңы мынадай мағынаға ие: ағзаның жеке дамуы тұтас процесс болып табылады.
Барлық ағзаның жеке дамуының өзіне тән сатылары бар.
Даму сатылары және тұтастык байланысты төмендегідей айыру керек:
- Цитогенетикалық тұтастық - жасушаның бөлінуіне байланысты;
- Эмбрионалдық тұтастық - жұмыртқаның бөліну фазасына байланысты;
- Постэмбрионалдық онтогенетикалық тұтастық - жастық және кәрілік шақ сатылары;
- Инволюционалдық тұтастық - ағзаның кәрілік шақтағы сатысы.
Әр тұтастық деңгейіне өзіне тән жүйелік және регуляторлық факторлар жиынтығы әсер етеді.
Жануарлардың постэмбрионалдық сатыларында тұтастың сақталуына нейрогуморальдық және гормональдық регуляторлық әсер етеді. Жүйелік және регуляторлық факторлар біртұтастықтың сақталуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет