Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет6/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Емдеу жолдары. Құсу науқасының орташа, ауыр түрлерімен ауырған әйелдер, тек емханада емделулері қажет. Ем жан-жақты, комплексті болуы керек. Жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру: ол үшін бром, кофеин дәрілерін, электро-анальгезия, электро-ұйқы, психотерапияны пайдаланады.
Кеш гестоздар
Жүктіліктің екінші жартысында гестоздың таза және аралас түрін ажыратады. Гестоздың таза түрі — дені сау (ешқандай соматикалық ауруы жоқ) жүкті әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы. Аралас түрі — сырқат жүкті (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек т.б. аурулармен ауыратын) әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы. Бүгінгі күні гестоздың белгілі және белгісіз түрлері жиі кездеседі. Мысалы: жүктілік нефропатиясына тән бірнеше белгілері бар: әйелдің қан қысымының көтерілуі, аяқ — қолының ісінуі, зәрінде белоктың пайда болуы. Белгісіз түрінде зәрде тек қана белок пайда болып, шамалы аяқ-қолы ісінуі мүмкін. Жүктілік гестозын ең бастапқы басталған мерзімінен анықтаудың маңызы зор, себебі гестоз мерзімі екі жұмадан асып кетсе, (жеңіл дәрежесінің өзі) оны ұзаққа созылған гестоз дейді, ананы тез арады босандыру қажет.
Мерзімінен асқан және мерзімі ұзартылған жүктілердегі перинаталдық нәтижелер және жүктілікті жүргізу ерекшеліктері.

АГжПҒО архивтік материалдарының мәліметтеріне сүйене отырып,мерзімі 41 аптадан асқан жүкті әйелдердің босану тарихы және нәрестелердің даму тарихының ретроспективті талдауы жүргізілді. Жасалған талдау нәтижесінде жүктіліктің мерзімінен асуының бірнеше қауіп факторлары белгілі болды, олар(жүкті әйел жасының 30 жастан жоғары болуы, май алмасу қызметінің бұзылысы, эндокринді аурулардың болуы,созылмалы инфекциялар және т.б). КТГ қорытындысы бойынша 44,4% жүктілерде ұрықтың гипоксиясы анықталды. Сонымен қатар оперативті жолмен босанудың жоғары жиілігі байқалды (31%). РДС синдром, ОЖЖ ишемиялық зақымдануы, кефалогематома дамуымен жүретін перинаталды асқынулар тек мерзімінен асып туылған нәрестелерде кездесті. Мерзімінен асып босанудан кейінгі, бала жолдасының гистологиялық зерттеуі нәтижесінде, бала жолдасының субкомпенсирленген және декомпенсирленген жеткіліксіздік белгілері анықталды.


Қазіргі заманғы акушерияда мерзімінен асқан жүктілік және мерзімінен кеш босану бұл- құрсақішілік ұрықтың және фетоплацентарлық жүйенің жағдайымен, босанудың басталуы және босанудың ағымы механизмімен, жүктіліктің хронологиялық ұзақтығымен тығыз байланысты күрделі биологиялық үрдіс болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы «ана-плацента-ұрық» жүйесінің физиологиясындағы күрделі биологиялық өзгерістермен байланысты. Бұл өзгерістер өз кезегінде, мерзімінен асқан босанудың асқынуларына және неонаталды аурушылдық пен перинатальды өлімшілдікке әкеледі.
Биологиялық мерзімінен асқан жүктілік деген қорытынды диагноз босанудан кейін, жаңа туылған нәрестеде мерзімінен асу белгілері мен бала жолдасының макроскопиялық өзгерістері негізінде, неонатологпен бірге қойылады. Мерзімінен асып туған нәрестені алғаш рет сипаттаған J. Ballntyne және H. Runge (1948), сол себепті бұл патологиялық жағдай Беллентайн- Рунге синдромы деген атқа ие болды.Бұл аталмыш классикалық синдромға нәрестедегі казеозды жағындының болмауы, бас сүйектері тығыздығының жоғарылауы, бас тігістері мен еңбектердің тар болуы, тырнақтардың ұзын болуы, түлеу белгілері бар құрғақ тері, табан мен алақан мацерациясы, тері тургорының төмендеуі сияқты белгілер кіреді. Заманауи мәліметтерге сүйенсек, мерзімінен асып босану кезінде балада мерзімінен асу белгілерінің болмауы, жүктіліктің мерзімінен асқандығын емес, ал жүктіліктің мерзімінің ұзартылғандығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет