Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет8/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Босану кезеңдері Босанудың үш кезеңін ажыратады:
I кезең – жатыр мойнының ашылу кезеңі, ретті толғақтардың басталуынан жатыр мойнының толық ашылуына дейінгі аралық.
II кезең – шығару кезеңі:жатыр мойнының толық ашылуынан мен басталады да нәрестенің туылуымен аяқталады.
III кезеңнәрестенің туылуымен басталып, бала жолдасының туылуымен аяқталады. Босанудың бірінші кезеңі жатыр мойнының ашылуына екі механизм әсер етеді: 1) Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы (толғақтар).2)Жатыр ішілік қысымның жоғарылауына байланысты алда орналасқан бөліктің немесе қағанақ қуығының жатыр мойнына ішінен әсер етуі. Әрбір толғақ кезінде жатыр мускулатурасында үш процесс бір уақытта жүреді:
1 – жатырдағы бұлшықет талшықтарының жиырылуы (контракция).
2 – талшықтардың бірімен өзара араласуы (ретракция).
3 – бұлшықет талшықтарының созылуы (дистракция).
Жатыр денесінде көбінесе контракция және ретракция болады. Жатырдың жиырылуы жатырдың тонусымен және толғақтармен сипатталады.Жатырдың тонусы:базалды (төмендеген) тонус 8 -12 мм с. б. құрайды. Жатыр мойнының жетілуі мен ашылуына 21 -22 с. б. тонусы алып келеді, босану актының үдеуіне байланысты тонусы жоғарылайды. Төмендеген үштік градиенті
1.Жатырдың әрбір жиырылуы жүргізу ритмінде орналасқан түтіктердің бір бұрышынан басталады ( «пейсмейкер» )
2.Жиырылу толқыны жоғарыдан төмен қарай бағытталады (бірінші градиент), осы кезде күшеюінің азаюы мен ұзақтығы қысқарады (екінші және үшінші градиенттер).
3.Жатырдың барлық бөліктеріндегі жиырылулардың шегі уақытқа сәйкес келеді. Босанудың бірінші кезеңі фазадан тұрады Латентті фазасы – бұл кезеңде жатыр мойнының қысқаруы мен жатыр мойнының ашылуы баяу жүреді 0 ден 3 см-ге дейін. Активті фазасы – жатыр мойнының тез ашылу кезеңі 3 тен 10 см-ге дейін жетеді. Жатыр мойнының ашылу жылдамдығы, см/сағ. Фаза Алғаш босанатындар Қайта босанушылар латентті 0, 5 см/сағ активті 1, 0 -1, 5 см/сағ 1, 0 см/сағ 2 -2, 5 см/сағ.
І кезеңнің латентті фазасы– ретті толғақтардан бастап жатыр мойнының құрылымдық өзгерістері пайда болғанға дейінгі аралықты айтады. (жатыр ернеуінің ашылуы 3 -4 см). Ашылу жылдамдығы 0, 35 см/сағ. Латентті фазаның ұзатығы 4 -8 сағатты құрайды.
І кезеңнің активті фазасы – 3 - 4 см ден бастап жатыр мойнының толық ашылуына дейінгі кезең.Алғаш босанушыларда, активті фазасындағы жатыр мойнының ашылу жылдамдығы 1, 5 -2 см/сағ, қайта босанушыларда 2, 0 -2, 5 см/сағ. Босанудың I кезеңінің орташа ұзақтығы:алғаш босанушыларда – 11 -12 сағат, қайта босанушыларда 7 -8 сағат. II кезең – шығару кезеңі. Ұзақтығы 1 сағатқа дейін созылады.Жатырдың жиырылуына құрсақ прессінің көлденең жолақты мускулатурасының жиырылуы, диафрагманың және жамбас түбінің жиырылуы қосылады,ол күшенудің дамуымен сипатталады. Күшенулер рефлекторлы акт болып табылады және алда орналасқан бөліктің жатыр мойны мен жамбас түбі бұлшықеттерінің нерв талшықтарына қысым түсіру нәтижесінде пайда болады.Күшену еркі еріксіз және оны бақылау мүмкін емес.Пайда болып жатқан күшенулердің нәтижесінде жатыр ішілік қысым одан ары жоғарылайды, олардың күші жатырдағы нәрестені шығаруға бағыттылған.II кезеңде жатырдың тонусы бірінші кезеңге қарағанда 2 есе жоғары болады, толғақтардың интенсивтілігі 90 -100 мм с. б. , жетеді -толғақтардың ұзақтығы шамамен 90 секунд, -Толғақтардың арасындағы интервал шамамен 40 секунд.
III кезеңі:бала жолдасы кезеңі.Миометрийдің жиырылуымен сипатталады.Жатыр тонусы төмендейді және босанудың I кезеңін сипаттайтын көлемге тән. Бала туылғаннан кейін жатырдың жиырылу күші бірден жоғарылайды, жатыр ішілік қысым 70 -80 мм. с. б, ал миометрийдің ішіндегі қысым 250 -300 мм с. б. , жоғарылайды, нәтижесінде плацента бөлінеді.Жаңа туылған нәрестенің жағдайын 5 негізгі критерий бойынша Апгар шкаласымен бағалау:
- жүрек соғысы.
- тыныс алуы.
- тері жамылғыларының түсі.
- бұлшықет тонусы.
- рефлекстері.
Босанғаннан кейін алғашқы 1 және 5 минуттан кейін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет