Бақылау сұрақтары:
* Босанудың басталуының себептері.
* Физиологиялық босануды анықтау.
* Босанудың бірінші кезеңі.
1.4.Сабақтың тақырыбы: Босанған ана мен нәрестеге күтім көрсету. Емшекпен емізу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Босанудан кейінгі күтімнің негізгі төрт ұстанымы
Ана мен баланың өздерін жақсы сезінуін қамтамасыз ету .Ерте және сәтті төспен емізуді қалыптастыруға көмектесу,анасына өзіне деген сенімділік сезімін нығайту,босану стационарынан шығарылғаннан кейін жанұяны жоспарлау мен бала күтімі сұрақтары туралы кеңесті алып тұруға мүмкіндік жасау.Босанудан кейінгі күтімнің ұстанымдары,ана жағдайын бағалау, температураны мен артериальді қысымды өлшеу мен тіркеу.Қынаптық бөліністерін және жатыр инволюциясын тұрақты бақылау,уақыт аралықтары Бірінші екі сағат ішінде - әрбір 15 минут екінші сағат ішінде - әрбір 30 минут келесі 3 сағаттың ішінде - әрбір сағат сайын. Ана мен баланың жалпы жағдайын бақылау ерте босанудан кейінгі кезеңде анасының физикалық белсенділігін мадақтау .
Ана мен баланың бір бөлмеде тәулік бойы бірге болуы.Анасына ана сезімін сыртқа шығаруға мүмкіндік береді, өзіне деген сенімін арттырады,ұзақ және сәтті төспен емізуге септігін тигізеді,инфекциялардан қорғайды. Босануан кейінгі кезеңдегі физикалық жаттығулар,аралық ісінуінің төмендеуіне септігін тигізеді.Құрсақ қуысы мен аралық бұлшықеттерін нығайтады кейінгі жүктіліктер мен босанулардағы қиыншықтарды азайтады.Сүт бездерінің инфекциясын алдын алу.Төске ерте салу мен тек төспен емізу төске дұрыс салу баланың сұрауы бойынша емізу.Босанудан кейінгі кезеңнің таралған мәселелері.Босанудан кейінгі ауырсыну психологиялық мәселелер Үшінші күннің меланхолиясы шамамен 80% Босанудан кейінгі депрессия 14-20% босанудан кейінгі психоз 1% төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |