Бақылау сұрақтары:
* Гестоз дегеніміз не?
* Ерте гестоздар дегеніміз не?
* Кеш гестоздар дегеніміз не?
3.Босанудың физиологиясы
1. Тақырыбы: Физиологиялық босану жайлы түсінік. Босанудың басталуының себептері. Босану кезеңдері.
2. Сабақтың мақсаты: Студентті организмнің босануға дайындығын анықтауға, босану кезеңін диагностикалауға үйрету.
3. Оқытудағы міндеттері:
1) Босанудың басталуының себептері жайлы жаңа түсініктермен таныстыру.
2) Босанудың I кезеңінің клиникалық ағымымен, жатыр мойнының ашылу механизмімен, бірінші және қайта босанушылардың ашылу кезеңдерімен таныстыру.
3) Босанудың II кезеңінің клиникалық ағымымен, желкемен жатудың алдыңғы және артқы түрлеріндегі босанудың биомеханизмімен, бірінші және қайта босанушылардың шығару кезеңінің жалғасуымен таныстыру.
4) Босанудың III кезеңінің клиникалық ағымымен, плацентаның сылыну механизмімен, соңғы кезеңнің жалғасуымен таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Босанудың басталуының себептері. «босану доминанты», ағзаның босануға дайындығы жайлы түсінік. Босану жағдайындағы инициациясындағы утеротропиндер мен утеротониктердің рөлі. Жатырдың «жетілу» сатысын анықтау. Босану ізашарлары.
2) Физиологиялық босануды анықтау. Босану кезеңдері. Бірінші және қайта босанушылардағы физиологиялық босанудың ағымы.
3) Босанудың бірінші кезеңі. Босанудың бірінші кезеңінің диагностикасы, толғақ және «үштік градиент» жайлы түсінік, бірінші және қайта босанушылырдағы жатыр мойнының ашылуы механизмі. Босанудың I кезеңінің латентті және белсенді фазалары. Жатыр мойнының ашылуындағы ұрық қуығының рөлі, қағанақ суының мерзімімен кетуіжайлы түсінік. Бірінші және қайта босанушылардағы босанудың I кезеңінің жалғасуы.
4) Босанудың екінші кезеңі. Босанудың II кезеңінің диагностикасы. Желкемен жатып орналасуының алдыңғы және артқы түрлері кезіндегі босану биомеханизмі. Бірінші және қайта босанушылардың босануының II кезеңінің жалғасуы
5) Босанудың үшінші кезеңі. Кезекті толғақтар жайлы түсінік, плацентаның сылынуы механизмі, плацентаның сылынуының белгілері. Физиологиялық қан жоғалтуды анықтау, босанудан кейінгі ерте кезеңінде қан кетуді тоқтату механизмі.
• Босану (partus) – күні жетілген ұрықтың жатырдан табиғи туу жолдары арқылыБосанудың басталу себептері - Босану қызметінің пайда болып, дамуының негізінде тізбекті шартсыз рефлекс жатыр.Босану –күрделі процесс, жатырдың жиырылу қабілетіне әсер ететін жүйкелік, гуморальді және фетоплацентарлы жүйелермен реттеледі. - Рефлекстер тітіркеністі ұрық жұмыртқасынан, нәрестеден қабылдайтын жатыр рецепторларынан басталады.Босанудың басталуын морфологиялық, биохимиялық, биофизикалық жағдайлардың байланысы ретінде, біртіндеп болатын интеграцияның нәтижесі деп қарапайым физиологиялық босану. жатырды босануға дайындайды.Олардың әсерінен болады: жатыр мойнының жұмсаруы мен пісіп жетілуі, миометрий жасушаларының арасындағы байланыстың пайда болуы, миометридегі окситоцинді рецепторлар санының көбеюі, миометрийдің утеротониндерге контрактильді сезімталдығының жоғарылауы. Босану процесінің басталуына - эстрогендер - кортикостероидтар ( кортизол) - простагландиндер F 2 , E 2 - серотонин - кинин - ферменттер - интерлейкин 1 - простагландиндер F 2 E 2 и I , - - окситоцин - - ангиотензин II - - аргивин - - вазопрессин - - брадикинин Босанудың басталу гипотезасы • Прогестерон деңгейінің төмендеуі окситоцинді теория нәресте мен ана арасындағы байланыстың өзгерістері. Жинақталған босану доминантасы пайда болғанда ғана босанудың физиологиялық кезеңі болады. «босану доминантасы» түсінігі жоғарғы нерв жүйесі мен орындаушы ағзаларды қосатын динамикалық жүйе ең алдымен жыныс жүйесін. «Жетілген" жатыр пальпаторлы зерттеу әдісімен анықталады:жатыр мойнының консистенциясы (жұмсару дәрежесі), қынаптың және оның бөліктерінің ұзындығы, жатыр мойны каналының өткізгіштігі, - жамбастың өткізу осіне қатынасы. - Алда жатқан бөлігінің орналасқан жері. Әрбір белгісі баллмен бағаланады. Ағзаның босануға дайындығының негізгі клиникалық белгілері немесе босанудың ізашарлары болып табылады:Жатыр мойнының құрылымдық өзгерістері – «жетілген" жатыр мойны шырышты тығынның кетуі толғақтардың – ізашарлардың болуы, яғни миометридің белсенді жиырылуының жоғарылауы.
Достарыңызбен бөлісу: |