1.2.Сабақтың тақырыбы: Жүктілік паталогиясы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Жүктілік патологиясы. Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік кезіндегі қан кетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі туралы заманауи көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық дәрежесін бағалау. Әйелдер кеңесі жағдайында алдын алу. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар кезіндегі дәрігердің тәсілі. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл терапияның ұстанымдары. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. Плацентаның жатуы.
Гестоз — жүктіліктің ең жиі кездесетін асқынуларының бірі. Гестоз немесе токсикоз деп — тек жүктілік кезінде пайда болатын патологиялық кұбылыстар мен аурулар тобын айтады. Гестозда барлық жүйелер, мүшелер, әсіресе жүрек-кантамырлар,жүйке, бүйрек, бауыр, плацента, зат алмасу жүйелері патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Бұл патологиялық өзгерістерден әйел тек босанғаннан кейін, немесе түсік тастағаннан кейін ғана айығады.
Гестоз екі үлкен жікке бөлінеді:
I. ерте гестоздар жүктіліктің І-ші жартысында (1-3 ай аралығында) пайда болады.
II. кеш гестоздар — жүктіліктің екінші жартысында дамиды. Ерте гестоздар (токсикоздар): құсу, сілекей ағу, жүктілік дерматозы, сары ауру, остеомаляция, бауырдың жедел сарғайып солуы.
Кеш гестоздар: жүктілік шемені, нефропатия, преэклампсия, эклампсия. Шет елде гестоздың екі клиникалық түрін ажыратады: преэклампсия және эклампсия. Преэклампсияға — жүктілік шеменін, нефропатияны және преэклампсияны жатқызады. Қазақстанда 1998 жылы акушер-гинекологтардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясында гестоздың даму дәрежесіне қарай оның жіктелуі және дәрігерлік тактикасы анықталды (11-кесте). Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың жиілігі 7-16 % аралығында, шет ел авторларының зерттеулері бойынша 23 %-ке дейін.
Республикада жоғары дәрежедегі «қауіп-қатер» тобындағы әйелдерді ерекше есепке алып бақылау жүргізгенде жүкті әйелдер арасында гестоздың жиілігі жыл сайын артуы анықталған. Мысалы бұдан 10 жыл бұрын гестоздың жиілігі 6-10 % болса, қазіргі кезде 16 %-23 % дейін артгы, әсіресе оның ауыр қатерлі түрлері акушерия тәжірибесінде жиі кездеседі. Эклампсия — 50%, преэклампсия — 27,3%, нефропатияның ауыр дәрежесі — 22,7% (1997ж).
Достарыңызбен бөлісу: |