2 –жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем ән мен би билеп, Күй-жырларды төгіңдер.
1-хор: «Тауда туып, тауда өскен»
(Сол кезде Алдар көсе сыпыртқымен ұшып келеді де әнін айтады.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын, Шайтанды да алдадым. Алдау деген түк емес, Мыстанды да алдадым.
1-жүргізуші: Біздің мейрамымызға қош келдіңіз, Алдеке! Кімді алдадым деп айттыңыз?
Алдар көсе: Оу, мыстанның өзін алдап, сыпыртқысымен ұшып келдім. А, айтпақшы ол өте ашулы болды. «Жаңа Жыл мерекесіне ешкім шақырмады» дейді.
2-жүргізуші: Сен мыстанды алдадың, кесірі бізге тимейді ме?
Алдар көсе: Ол жағын білмеймін, мен өзім концерт қарауға келдім. Бастайық!
1-жүргізуші: Ал ендеше бастайық. Ортаға....
Сол кезде мыстан келіп: Ал ортаға мен шығамын. Мені шақырмағасын өзім келдім. Ал Алдармен басқаша сөйлесемін... Алдар қайда... Қашып кетті.
2-жүргізуші: Мыстан апа, ашуланбаңыз. Бізбен бірге Жаңа Жылды қарсы алыңыз.
Мыстан кемпір: Менде сендерге айтатын бір жаңалығым бар. Сіз күтіп жүрген Аяз ата мен Ақшақарды мен ұстап отырмын.
1-жүргізуші: Оныңыз қалай? Аяз атасыз Жаңа Жыл мерекесі қалай өтеді?
Кәнекей, балалар, мыстан ападан Аяз ата мен Ақшақарды босатуын жақсылап сұрайықшы.
Балалар хормен: Қардан аппақ әдемісіз, мыстан апа, Шашың күміс жылтыраған мұздай, апа. Келіп қосыл арамызға, құрметпенен қарсы аламыз, Сіз боп, біз боп Жаңа Жыл салтын қарсы алайық, мыстан апа.
Мыстан кемпір: Жарайды, жарайды, ал сендерде маған беретін сыйлықтарың бар ма? (Сол кезде сиқыршы шығады)
Сиқыршы (Әділхан): О, мыстан, не шу шығарып жатсың? Саған сыйлық берсем, Аяз ата мен Ақшақарды жібересің бе?
Мыстан кемпір: Енді оны қандай сыйлық алғанымызға қарай көреміз!
Сиқыршы: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе, соны көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |