АЛТЫН КҮЗ.
Мақсаты: 1) күзгі бал жөнінде түсінік қалыптастыру;
2) бірлікке, әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
3) ән айту, билеу, мәнерлеп оқу, тамаша көрсету т.б. қабілеттерін одан әрі дамыту.
Қатысушылар: 3а-класс оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар.
Көрнекілігі: тақырыбы, шарлар, күз туралы өлеңдер, жапырақтар.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім мерекелік тәрбие сағатын хабарлап, ашады:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қымбатты оқушыларым! Сіздерге арнап өткізгелі жатырған кішкене мерекелік «Алтын күз» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер. Ал енді, сайысқа қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, қонақтарымызға зор денсаулық, ашық аспан, еңбекте табыс, мына бәрімізге әлі кіп-кішкентай бүлдіршіндеріміздің қызығын көріп, өмірде бақытты болуларыңа тілектеспін. Келесі кезекте әділқазылар алқасымен танысып өтейік...
Ортаға екі жүргізуші шығады: Асхат пен Қайсар.
Асхат: Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз.
Қайсар: Астық, жеміс жиылды Қамбамызға құйылды. Ардақты күз мың алғыс, Алдық өнім сыйыңды.
Асхат: Көбейді құт береке – Астық толы қоймамыз Құтты болсын мереке – Алтын күзді тойлаймыз, - дей келе ортаға сайыскерлерді шақырайық.
Музыка қосылып, балалар ортаға шығады.
Қайсар: Сайыстың 1-бөлімі «Таныстыру». (Сайыскерлер өздерін таныстырады).
Асхат: Сыныпты шалықтатқан әніменен Өзіне баурап алар мінезімен Мақтанышы сыныбымыздың, алғыры ол Таланты өрге жүзсін Оралбектің! – дей келе Оралбектің орындауындағы «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
Қайсар: Келесі 2-бөлім «Өз өнерін көрсету».
Сайыскерлер өз өнерін көрсетеді.
Қайсар: Келесі кезекте «Тамаша». Қабыл алыңыздар. (Асхат, Әлімжан, Айбат, Азат, Ерасыл)
Достарыңызбен бөлісу: |