Мыстан кемпір: (ойланып, ойланып): Үнділердің биін тамашалағым келеді, ал, кәне, көрсетші.
Сиқыршы (Әділхан): Айнам менің, айнам, Жан-жағыңды жайнат. Үнділердің өнерін Осында әкеп сайрат. Суф-суф-суф.
(Музыка қосылып үнді биі биленеді.)
Мыстан кемпір: О, мыңаларың тамаша екен. Енді маған керемет бір ән айтқызып бере аласың ба?
Сиқыршы: Айнам менің, айнам, Жан-жағыңды жайнат. Әсем етіп ән сайрат. Суф-суф-суф.
(Ән орындалады.) 2а-класс оқушылары Мадияр мен Нұрланбектің орындауында «Бала тілегі» әні.
Мыстан кемпір: Керемет,керемет. Ал енді орыс халқының өнерін көргім келеді.
Сиқыршы: Айнам менің, айнам, Жан-жағыңды жайнат. Орыстардың өнерін Осында әкеп сайрат. Суф-суф-суф.
(Орыс биі биленеді.) 3а-класс оқушыларының орындауында «Орыс биі».
Мыстан кемпір: Ай, тамаша, ризамын, ризамын. Мен Аяз атаны өзім алып келемін. (Мыстан айнаны алып кетеді)
1-жүргізуші: Ал, балалар сиқыршыға ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтайық.
Барлығы: Рахмет.
Сиқыршы: Ал, балалар, енді бір ойын ойнап жіберсек! «Қар тасу» ойыны.
(Ойын шарты түсіндіріліп, ойнатылады.)
1-жүргізуші: Рахмет, рахмет, сиқыршы.
2-жүргізуші: Ал, балалар Аяз ата мен Ақшақар келіп қалған шығар, бәріміз шақырайық!
Барлығы бірге: Аяз ата, Ақшақар! - 3рет.
Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым, Амаңсыңдар ма, қыздарым?! Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем билерің! Аталарың сендерге Асау желмен алысып Шаршап келді алыстан. Қаршақыз бен Ескі жыл, Олар да жүр қасымда, Өздеріңдей балалармен Сағынысып табысқан.
1-жүргізуші:
Жаңа Жыл - қайсарлық пен жүректілік Баратын болашаққа білек түріп. Мен жаңа жылдарыма қол созамын Әлемге жаңа жылдар тілеп тұрып.
Достарыңызбен бөлісу: |