Сынып жетекшісі: Қанаттарын қатайды Биікке енді самғаңдар. Білім жолы – сара жол Ізденіңдер, талмаңдар – дей отырып, қымбатты менің оқушыларым, сіздерге алда тек бақыт, денсаулық, сабақты 4 пен 5-ке оқыңдар, қанаттарың талмасын, ата-ананың үмітін ақтаңдар дей келе, сіздерге естелікке мына суреттеріңді тапсыруға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Хор «Бастауышым-ай».
Сынып жетекшісі: Сыныпты келдім басқарып, Көрмедім ойлап бас қамын Шәкірттер жатыр ұшқалы Өмір деген қас-қағым. Бірге өткізген күндерім, қыс-жазым да, Жазып шықтым қаншама іс-қазына Болашақ барыстарды аманат қып Тапсырамын келесі Бағдагүл апай ұстазыма! – деп, балаларымды өзімнің ұстазым Бурекешева Бағдагүл апайыма тапсырамын. Осымен, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушыларым, бүгінгі «Қош бол, бастауышым – балбұлағым!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Бастауыш мектеп» журналы - №7, 2014 ж.
«Бастауыш сыныпта оқыту» журналы - №5, 2013 ж.
«Бастауыш білім» журналы, №1, 2015 ж.
«Тәрбие хрестоматиясы» - «Алматыкітап», 2004 ж., С.Қалиев,
Б.Иманбекова, Ж.Жұмабаева
«Әдеп әліппесі»
«Айгөлек» журналы, №4, 2013 ж.
«Балдырған» журналы, №12, 2014 ж.
«Бала би» журналы, №9, 2012 ж.
Интернет ресурстары – «Sabag.kz» сайты.
Достарыңызбен бөлісу: |