«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет11/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Хор: «Мұғалім - ол біздің»
Мұғалім: - Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның, әжелеріңнің қосқан үлесі мол. Кәне, бәріміз рақмет айтайық.
Оқушылар хормен: Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге, ата-аналар!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мұғалім: - Қымбатты,балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын! Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен дос болуға, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!


ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
І бөлім


(Жүргізушілер шығады.)


1-жүргізуші (Әсемгүл апай): Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Біздің Жаңа Жыл шыршасына қош келдіңдер!
2-жүргізуші (Гүлзат): Сіздерге осы Жаңа Жылда зор денсаулық, мол бақыт және ашық аспан тілейміз!
1-жүргізуші:
Жаңа Жыл – туындаған жаңа армандар, Жаңа Жыл – шуылдаған жаңа ормандар. Ал мынау –мәңгі бақи жаңа дүние, О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар.
2-жүргізуші:
Жаңа Жыл - қайсарлық пен жүректілік, Баратын болашаққа білек түріп. Біз Жаңа Жылдарға қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
(Сахнаға әндетіп Алдар көсе шығады)
Алдар көсе (Мирхан): Мен Алдармын, Алдармын, Шайтанды да алдадым. Алдау деген түк емес, Мыстанды да алдаймын.
Еее... Ту алыста болайын деп жатқан Жаңа Жыл мерекесіне қалай жетсем екен? Мыстанның алдап сыпыртқысын алып алу керек еді. Оны қалай алдасам екен? (Сол кезде мыстан ұшып келеді)
О, өзі де келді, бәрекелді!
Мыстан(Айнұр): Сенсің бе, Алдар?
Алдар көсе (Мирхан): Иә, Мыстан кемпір, мазалама мені.
Мыстан(Айнұр): Не болыпты? Не істеп тұрсың?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет