Ата-анамен ойын
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналар мен сіздермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр. 3 ата-ананы ортаға шақырамын.
1. Сіз болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыздар? 2. Сіз осы кеште қандай сезімде болдыңыз? 3. Сіздің ең алғашқы ұстазыңыз қандай жан еді?
Би: Жалқаубек әніне билеу.
Мұғалім: - Әдепті бала қандай болу керек?
Сыйлап үлкен ағаны,сәлем берген баланы кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламын кір шалмаған баланы кім дейміз?
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз.
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз.
Мұғалім: - Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз. Әдептілікке үйренеміз. Егер сендер осы күннен әдепті болып өссеңдер, есейгенде ата-аналарыңның, өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.
Ернұр: Отан - менің ата-анам, Отан - досым, бауырым, Отан - өлкем, астанам, Отан - туған ауылым.
Гульниса: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар, қалан.
Алдияр: Шай ішетін қоюлап, жақсы көрем атамды, Сырмақ сырған оюлап, жақсы көрем апамды.
Ән: «Бала тілегі»
Ойын: «Аққала құрастыру». (Бөліктердің артында жазылған тапсырманы орындау, жұмбақ, жаңылтпаш айту)
Сарбиназ: Күндерге күн ұласты, Жылжып-жылжып жыл асты. Ойдағыдай оқимын Мен бірінші класты.
Аманбек: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп.
Би: «Айгөлек»
Достарыңызбен бөлісу: |