«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл


Ернұр: Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді. Не деп барып, жеу керек? Рахмет апа деу керек



бет18/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Ернұр: Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді. Не деп барып, жеу керек?
Рахмет апа деу керек
Гүлниса: Балалар жүр көшеде, Естіледі шу, айқай. Сен де шықтың, көршіңді Қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек?
Кешіріңіз деу керек
Аманбек: Әжең сенің түскі асқа Қант, кәмпит салды мол. Жұрттан бұрын ыдысқа Өз бетіңмен салдың қол Жөн еді не айтқанын?
Рұқсат па екен деу керек.
Сарбиназ: Добын апар Назардың! – Деді ағаң, бармадың. Тапжылмадың, сазардың, Аға тілін алмадың. Сен қай сөзді айтпадың?
Арайлым: Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса. Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де.

  • Бұдан басқа қандай сиқырлы сөздер білесіңдер?

Мәтінмен жұмыс: балаларға жақсы адам болудың негізі өз-өзіне есеп беру екендігін түсіндіру мақсатында В.Сухомлинскийдің «Әйнек адам» әңгімесін оқу.
І. Жақсы, жаман қасиеттерді айқындау мақсатында ассоциация құру.
ІІ. Жақсы істерді кімнен үйренеміз? ассоциациясын құру.
«Өрмек» ойынын ойнау. Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Шарты: Оқушылар бір-бірінің бойындағы жаман қасиетін атап, жіппен бір-бірін орай түседі, соңында сол қасиеттерден арылу мақсатында шығар жолды ұсыныс етіп, өрмекті шешеді.
«Ақиқат не жалған» ойыны
Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.
Пікірлер: Мен ұрлық жасағанды ұнатамын Ініме оқуды үйретемін Итті аяғыммен тебемін Ойыншығымды ешкімге бермеймін Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын Бас киімді доп қыламын. Анама ренжітіп сөздер айтамын Әкемнің айтқанын тыңдаймын. Күлді баспаймын.
«Мақалдың жалғасын тап»
1. Анаға құрмет Балаға . . .
2. . . . белгісі Иіліп сәлем бергені
3. Әдепті бала арлы бала Әдепсіз бала . . .
4. Сіз деген - . . ., Біз деген - ... .
5. Әдепті бала Ата-анасын ....
Әдепсіз бала Ата-анасын ...
Қорытынды:
Сонымен, біздер «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тақырыпты қарастырдық.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысын мектеп мақтанышы болыңыздар.
Бүгінгі тәрбие сабағынан не білдіңдер, не үйрендіңдер? Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса, үш рет қол соғамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет