«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет17/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Түрі: Пікір сайыс
Әдісі:Сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекілік:Нақыл сөздер, суреттер.
Барысы:
І. Психологиялық дайындық:
Ұйымдастыру бөлімі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » тақырыбында өрбімек.
Балалар әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен байланыстырып айтайық.
Г-гүлдей сұлумын
Е-елгезекпін
А-адамгершілмін
М-мейірімдімін
А-ақылдымын
С-сабырлымын
А-алғырмын
Ж-жақсымын
Н-намысшылмын
А-айбаттымын
Г-гауһардай асылмын
II. Кіріспе бөлім: Интерактивті тақтадан таза ұқыпты, қолында оқулығы бар, және киімі лас, кітабы жыртылған оқушы суреті көрсетіледі. Балалар суретті мұқият қараңдар, ойларыңа не келді?
Өзіңді қай баланың орнына қоя аласың?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?
Жақсы іс деген не?
«Жаман» дегенде ойларыңа не түседі?
III. Негізгі бөлім: «Жалғастыр» ойыны
Не істеуге болмайды?
Үлкендердің алдынан (кесіп өтуге болмайды)
Кіші баланы (жылатуға болмайды)
Сабақтан (кешігуге болмайды)
Сыныпта (тәртіпсіздік жасауға болмайды)
Не істеу керек?
Үлкенді (сыйлау керек)
Автобуста (үлкендерге орын беру керек)
Айтқанды (тыңдау керек)
Сабақты (жақсы оқу керек)
Досқа (көмектесу керек)
Мұғалімнен (үйрену керек)
Жарайсыңдар сендер ізетті баласыңдар!
Сиқырлы сөздер: Мұғалім: Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет