«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет26/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Биолог сөзі: Биолог апай құстарды қорғау, олардың пайдасы, құстарға қамқорлық, «Қызыл кітап» жайлы түсіндіріп, мағлұматтар береді.


Мұғалім: Міне, балалар, құстар – біздің досымыз, сондықтан оларды қорғай жүрейік дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды «Достық» әнімен аяқтаймыз.


ЖІГІТ СҰЛТАНЫ.


Мақсаты: 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өту, оқушыларды бір-бірімен жарыстыра отырып, бәсекелестікке баулу, оқу-білімге қызығушылығын арттыру.


Көрнекілігі: тақырып, шарлар.


Тәрбие сағатының барысы:


Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар, оқушылар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Зор денсаулық, ашық аспан тілеймін. Ұлдарымыз Отанын қорғайтын ержүрек азамат болып өссін. Ал енді, бүгінгі өткізгелі отырған «Жігіт сұлтаны» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.


Әділқазылар алқасы сайланады.


Сайыс кезеңдері:



  1. Таныстыру: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнеки, балалар!
Босқа қарап тұрмаңдар,
Бастап түрлі өнерді
Алыстарға самғаңдар! – дей келе, 1-кезеңде «Таныстыру».


Хор: «Болайықшы осындай»



  1. Өз өнерін көрсету: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді –
демекші, 2-кезеңде оқушылар өз өнерін көрсетеді.
Хор: «Моншақтар»



  1. Сұрақ-жауап: Өнер де, ой да, білім де

Өркендер ана тілінде.
Оймен, кәне, өсейік,
Ойлы сұрақ шешейік –
дей келе, 3-кезеңде «Сұрақ-жауап».

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Бас қаламызды ата.

  • Ауылымыз кімнің атында?

  • Есеп сабағында қандай оқулықты қолданамыз?

  • 5 пен 4-тің қосындысын тап.

  • Қосудың компоненттерін ата.

  • Азайту амалының компоненттерін ата.

  • Неше әріп, неше дыбысты білесіңдер?

  • Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

  • Ер балалар өзінің Отан алдындағы борышын қайда өтейді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет