«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет6/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

1-оқушы («Бронхит»):
Біз темекі тартқандарды жақсы көреміз.
2-оқушы («Қатерлі ісік»):
Біз темекі тартатындар қатарын көбейткіміз келеді.
3-оқушы («Туберкулез»):
Сендердің сандарының көбейгендері біз сияқты ауруларға өте жақсы.
Күрк-күрк көк жөтел, Күркілдеген не жөтел? Жасыңнан шексең темекі, Түбіңе сенің сол жетер. Түтінмен ыстап өкпені, Никотин уын төккені. Жүректің ұстап талмасы, Мишықтың құрғап кеткені. Салауатты өмір сүріңіз, Шекпеңіз енді темекі!
«Қара жорға» биі
Мұғалім: Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің келесі бір түрі – маскүнемдік, араққұмарлық. Осыған орай оқушылар дайындаған көрініске назар аударайық.


Гүлжанат: Адамзат бірнеше жүз мыңдаған жылдар бойы арақты білген жоқ. Араққа үйір болу – адамның жас кезіндегі қателерінің бірі. Адамдар жеміс-жидекті жабық ұстағанда ішімдік пайда болатынын байқаған. Оны алғашқы кезде аз ішкен.
Аружан: Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабынан берген, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған. Біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен қатені көп жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.
Раушан: Әрине, білім алуға ұмтылмайтын оқушы зиянды әдеттерге үйір болады. Олар үй тапсырмасын орындауға бір сағатын да қимайды.
Осы кезде: - Жә, қойыңдаршы! Арақ ішпе, темекі тартпа! Сонда не істе дейсіңдер? – деген дауыс шығады.
Оқушылар «Спорт, спорт, спорт» деп жауап береді. Осы кезде кеудесінде «Русская водка» деген жазуы бар оқушы ортаға шығады.
Тамирлан: Тоңсаң, мені іш, жылынасың, Қайғырғанда іш, бір пәлеге ұрынасың! Ұялшақсың ба, іш, батыл боласың! 15 тәулік айықтырғышқа қонасың! Ішсең, қисаңдап жүресің, ретсіз ыржыңдап күлесің, Ар-ұяттан айырыласың, оны өзің де білесің. Біле тұра ішесің. Өз кебініңді өзің пішесің. Ұрлықты да жасайсың, түрмеге де түсесің, Міне, болдым ғой, жексұрын да, жауыз да, Арақ өзі құйылмайды ауызға. Әділетін айтыңдаршы, балалар, Кім кінәлі, арақ па, әлде ауыз ба?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет