«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл


Оқушылар: Арақ... Ауыз... Спорт туралы ән орындалады



бет7/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Оқушылар: Арақ... Ауыз...
Спорт туралы ән орындалады.
Мұғалім: Белгілі орыс жазушысы, Антон Павлович Чехов, «Арақ – ақ, бірақ ол мұрныңды қызартып, абыройыңды айрандай төгеді» деген екен. Демек, балалар, біз бос уақытымызды тиімді пайдалануымыз керек. Ендігі сөз кезегін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жаманшалов Талғат Сәрсенұлына берелік.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі дене шынықтырудың, салауатты өмір салтының маңызын айта келе, балалармен бір ойын ұйымдастырады.
«Аррива» биі
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі дөңгелек үстелімізде қандай зиянды әдеттер туралы айттық?
Сонда қандай пайдалы әдеттерге үйренгеніміз жөн?
Пайдалы әдеттерге байланысты кластер құрылады.
Мұғалім: Ендеше, келесі сөз кезегін мектебіміздің медбикесі, Ералина Айгүл Байзоллақызына берелік.


«Мақалдың жалғасын тап» ойыны:
Дені саудың - ... (жаны сау)
Тазалық бар жерде ... (денсаулық бар)
Алдын алу - ... (ауруды жеңу)
Денсаулық - ... (зор байлық)
Жаманнан – жирен, ... (жақсыдан - үйрен)
Мұғалім: Жарайсыңдар! Өмірімізді жат әдетке, зиянды заттарға толтырмай, ағзамыздың тазалығы мен саулығына көңіл бөліп, айқын мақсатқа, биік арманға ұмтылайық.
Ал, үлгі-өнеге алуға болатындай біздің елімізде қандай спортшылар бар?
Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаев кеше ғана «Қазақстан – 2050» бағдарламасын құрды. Онда еліміздің жағдайын жақсартумен қатар, дамыған 30 елдің қатарына кіру көзделген. Болашақ, балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан, деңдерің сау, білімді әрі тәрбиелі болуларың керек. Өмірде тек биік шыңдарға жете берейік деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды «Отаным – Қазақстаным» әнімен аяқталық.
Соңғы сөз кезегі келген ата-аналар мен қонақтарға беріледі.


«ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС!»
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының әліппемен коштасуға арналған ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Олай болса, оқушылар сіздерге әліппені қалай оқып меңгергендерін, қалай есептеп, жұмбақ, жаңылтпаштарды қалай шешіп, айта алатындарын көрсетпек. Ендеше, мерекемізді бастайық.
1«А» сынып оқушылары (аттары аталады)
Күй ойналып тұрады. Оқушылар жұп-жұбымен сыныпқа кіреді.
Мәруан: Өтті оқу сан сабақ, Бүгін міне салтанат Оқулықпен достаспақ Әліппемен қоштаспақ. Ой білімі жаңғырмақ Әліппеден мәңгілік Әріптерді таныған Өңкей білгіш балдырған. Құтты болсын тойларың!
Арайлым: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі Армысыздар, қасиетті аналар!
Нұрдәулет: Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Ақ көйлектей жеті жасар балалығым!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет