Тәрбие негізі – ҚҰндылық


логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық 
терминдерді пайдалану біліктіліктерін дамыту;
2) 
оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық 
алгоритмдерді пайдалану, геометриялық сызбалар мен математикалық 
зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
3) 
сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, 
сонымен қатар 
күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
5) тұлғалық қасиеттер: 
білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, 
сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың 
және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту; 
7) 
коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу 
және өз көзқарасын білдіру, 
басқа адамдардың пікірін құрметтеу, 
көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде 
таныстыру дағдыларын дамыту;
8) ақпаратты іздестіру және таңдау, 
өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу 
дағдыларын дамытуға негізделген 
[5, 719-б. ]. 
Математикалық контент ұлттық құндылықтар негізінде санау 
материалдары, заттық суреттер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, 
мәдениеті мен өнерімен астасып, иллюстрациялар және есептердің 
мазмұнында ұсынылады. Құндылықсыз жеке-дара математикалық 
білімді беруге мүлдем болмайды. Себебі «құндылықтар білім мен 
дағдыға алғышарт» болып табылады (ОECD, 2021; PEA, 1987).
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны оқушылардың қоршаған ортаға 
деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, табиғат құбылыстары мен 
үдерістері туралы білімдерін жетілдіре отырып, бойларында 
отансүйгіштік сезімдерін ояту, экологиялық, экономикалық тәрбие беру, 
саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Оқу 
мақсаттары оқушының зерттеу әрекеті негізінде пайымдауына,
адамзаттың игілігі үшін ғылымды дамытуда табиғатты сақтауды негізгі 
фокусқа алуға баулиды. «Жаратылыстану» пәні тәрбиелік бағыттағы 
жобалар мен шараларды ұйымдастыруда «кіндік пән» рөлін атқара 
алады. Себебі жаратылыс сырын игерген баланың бойында қамқорлық, 
мейірімділік сезімдері оянады. Жануарлар мен таңғажайып өсімдіктер 


25 
әлемін ұнатпайтын бала жоқ. Зерттеу дағдыларын қалыптастыра 
отырып, сабырлылық, табандылық, өз ісіне жауапкершілік қасиеттерін 
дамытуға жағдай жасалады. Жаңаны танып-білуге құштарлық баланың 
болмысынан бар дүние. Тек соны сөндіріп алмауымыз керек. 
«Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасында құндылықтар оқу 
мақсатының мазмұнында «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», 
«Заттардың типтері», «Ауа», «Су», «Табиғат ресурстары» бөлімшелері 
және «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдері қамтылған [5, 
780-б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет