Тәрбие негізі – ҚҰндылық


қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыруға, оны визуалды 
өнер мен музыка құралдары арқылы тануға; бейнелеу өнерінің, қолөнер 
мен музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді 
дамытуға, 
қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы өнеріне, муызыкалық 
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі басқа халықтардың өнеріне 
құрметпен қарауға тәрбиелеуге, бастауыш мектепте білім 
алушылардың 
көркем және музыкалық-шығармашылық дамуына 
бағытталған [1]. 
Осылай білім салаларын талдап шығатын болсақ, барлық білім беру 
саласына және күтілетін нәтижелерге білім беру құндылықтарының 
арқау болғанын, 
тәрбие бағыттарының қамтылуын көре аламыз. Енді 
пән мазмұнын жүзеге асыру барысында әрбіріміз «Стандарт талабына 
сай сабақты жоспарладым ба?» деген сұрақты басшылыққа алайық! 
Көздегеніміз – құндылыққа бағдарланған оқу-тәрбие үдерісін 
ұйымдастыру.


16 
Құндылықтарды дарыту 
Тәрбиеден мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, асса 
барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам 
бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт 
бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, 
тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, 
шын мағынасымен адам қылып шығару. 
М. Жұмабаев 
«Әр адам – өз заманының ұлы. Білімдендірудің мақсұты: әр 
адамды өз заманына қолайлы тарихи тұрмысының әр тарауына 
қатынасатын адам етіп шығару» деп қазақ халқының ағартушысы, 
озық ойлы Жүсіпбек Аймауытов осыдан бір ғасыр шамасында 
нақтылап берді [4, 6-б]. Ал бүгінгі заманның сұранысы қандай?
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) 
зерттеулеріне сәйкес, құндылықтар ХХІ ғасыр құзыреттіліктерін, атап 
айтқанда: азаматтық сауаттылық және жаһандық хабардарлықты, 
мәдениетаралық 
қарым-қатынас, 
сын 
тұрғысынан 
және 
шығармашылық ойлау, ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу 
дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар 
құндылықтар жастардың өзіндік сана-сезім, әлеуметтік ұғыну, қарым-
қатынастарды басқару, өзін-өзі басқару және шешімдерді 
жауапкершілікпен қабылдау сияқты әлеуметтік және эмоциялық 
құзыреттіліктерін қалыптастырады. Әлеуметтік және эмоциялық 
құзыреттіліктер қоғамдағы күйзелістерге инновациялық және тұрақты 
көзқарасты қалыптастыруға, толерантты, инклюзивті және қауіпсіз 
әлем құруға белгілі бір үлес қосуға дайын болуға себеп болады. 
Жоғарыда көрсетілген құзыреттіліктер жаһандану және 
технологиялық прогреске байланысты туындаған проблемаларды 
шешуге мүмкіндік жасайды. Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі 
арқылы осы құзыреттіліктердің қалыптасуының негізін қалау көзделеді. 
Нәтижесінде сынып өміріне белсенді араласатын, ортақ іске үлесін 
қосатын, өзіне-өзі сенімді, өзінің білім алуына жауапты және түрлі 


17 
жағдайларда өз бетінше шешім таба алатын саналы азамат қалыптасуы 
керек. Ол үшін:

баланың физикалық-психикалық және эмоциялық дамуына көңіл 
бөлу; 

баланың жан-жақты дамуына, 
бойына ұлттық құндылықтарды 
сіңіруіне жағдай жасайтын 
қолайлы орта құру;

әдептілікке баулу, өз іс-
әрекетіне жауап беру, азамат 
ретінде жауапкершілік алуға 
төселдіру; 

адамгершілік, 
мейірімділік, 
имандылық, қайырымдылық, 
сабырлылық, адалдық, кешірімді болу яғни кеңпейілділік 
қасиеттерін дамытуды үздіксіз жүзеге асыру талап етіледі.
«Тәрбие екі түрлі: дене тәрбиесі, жан (рух) тәрбиесі. Хайуан 
көбінесе денесін тәрбиелейді. Адам баласына дене тәрбиесінің үстінен 
жанын (рухын), ақылын, сезімдерін, жігерін-мінезін тәрбие қылу керек. 
Денесі мен жаны бірдей тәрбиеленбеген кісі сыңар жақтау бола береді» 
[4, 142-б]. Сондықтан тәрбие жұмысының біржақты емес, кешенді 
түрде қарастырылып жүргізілуіне көңіл бөлу керек. 
Баршаға аян, әр мұғалім жаңа оқу жылы басталар кезде барлық пән 
бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастырып, тәрбие 
жұмысының жылдық жоспарын әзірлеп, мектеп әкімшілігі бекітеді. Ал 
осы екі жоспардың өзара үндестігі мен байланысы қаншалықты мықты, 
оқу мен тәрбиені кіріктіріп жүзеге асыратын механизмдері туралы 
ойландық па? Неліктен оқу-тәрбие үдерісі өзара кіріктіріліп жүзеге 
асырылуы керек? Бұл қарапайым сұрақтың жауабы тереңде жатыр.
Оқу бағдарламалары мазмұны оқушылардың нақты оқу 
мақсаттарына қол жеткізуіне, базалық білім көлемін меңгеруге, алған 
білімін оқу және өмірлік мәселелерді шешуде қолдану үшін кең 
ауқымды дағдылар, пәндік біліктерді дамытуға бағытталған. Оқу-тәрбие 
үдерісі оқушыны сабаққа еліктіріп, қызықтырып алып кетпейінше, 
алдына қойылған міндет пен оқу проблемаларын шеше отырып, 


18 
күнделікті қуанышқа бөленбейінше, бала жетістікке жетпейінше, оқу-
тәрбие үдерісінің нәтижесі болмайды.
Әсіресе, білім беру құндылықтарын оқушы бойына дарыту мақсатын 
жүзеге асыруда оқу үдерісінде барлық пәннің мазмұны ғана емес, 
баланың қызығушылығы мен қажеттілігін ескеретін сыныптан тыс 
шаралардың (тәрбие жұмысы, әлеуметтік жобалар, түрлі іс-шаралар) да 
үлесі зор. Сыныптан тыс шаралар аясында пән мазмұнын 
құндылықтармен кіріктіріп, тәрбие жұмысының бағыттарын қамтып 
отыру маңызды. 
Баланың қызығушылығы мен жан қалауы ескерілмеген жағдайда 
оқу-тәрбие ісі алға баспайды. Себебі әр баланың өз арманы, тілегі бар. 
Сол арманға жетер жолын табуда ізгілікке бастар шаралар мен 
сабақтарды астастырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет