Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

 
Құрметті әріптестер! 
 
Мәтінмен жұмыс істеу барысында Ж. Аймауытовтың сұрақ қою 
туралы ұсынысын: «Сұрау түрі шәкірттің ілтифатын қоздырады, ойын 
нәрсеге түйілдіреді: шәкірт жадағай қалмай, жауапқа даярланып 
отырумен ойы қозғалып, сабаққа өзі кірісіп, өзі істеуге жаттығады. 
Мұғалім олардың қалай ұққанын, қанша білгенін һәман байқап отырады 
да, қатесін түзетеді, тілі жетіспегенін жеткізеді, көмескі жерін анықтап 
түсіндіреді. Әйтсе де, бұл түрдің де қатерлі кедергілері жоқ емес. 
Көбінесе, ондай кедергі сұрауды қалай қоюдан туады. Қалай болса, 
солай үстірт, яки мағынасыз сұрау дұрыс емес, өте мезі қылу да 
жарамайды. Ұқтырмақ мағлұматты (бүтінді) тараулатып сұрау қойғанда, 
көздеген түпкі санадан көз жазып қалмай, ақырында бір бүтін мағлұмат 
алғандай әсер беру, мақсұтқа тап басу – мұғалімнің зор өнері.
Сұрау мен жауап алмасқан уақытында, мүдделі ойдың желісінен 
айырылып қалмай, берік тұту керек. Дұрыстап сұрау қою, баланың 
жауабын пайдалана білу, о жауаптан келесі сұрауға бейімдетіп 
қорытынды шығару – міне, сұрау қойғанда ескеретін нәрсені» 
басшылыққа алу тиімді болады [4, 57-б.].
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы математикалық 
білімін қалыптастырумен қатар оқушының бойына білім беру 
құндылықтарын дарытуды көздейді. Құндылықтар математика пәнінің 
мазмұны, оқыту үдерісі және жалпы оқушылардың өзара қарым-
қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Құндылықтар баланың сана-
сезімін оята отырып, оның бойында білім алуға деген оң көзқарасын 
қалыптастырады; ақпаратты талдап, есепті шешуде өзіне деген 


23 
сенімділікті дарытуға, пайымдап үйреніп, түрлі ой түюге, бойында 
табандылық пен ерік-жігерді тәрбиелеуге ықпал етеді. Математиканы 
оқыту үдерісі оқушының танымдық дағдыларын жетілдіріп қоймай,
сонымен қатар саналы және жағымды мінез-құлқын да дамытуға әсер 
етеді. Оқушы өзін қоршаған ортаны математика тұрғысынан зерттеп 
тануға мүмкіндік алады. Оның жасына лайықты, дүниетанымына сай 
контент ұсыну аса маңызды. Осы тұста Ж. Аймауытовтың: 
а) материал тізгенде, тұрмыс пен ғылым айқасып, астасып тізілсін;
с) жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе 
қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсін; 
ж) жұмыстау негізінде баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, 
мағлұматы салынсын; дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен 
басталсын, – деген тәрбие мен білім берудегі талабы еске түседі [4, 33-
б.].
Математикалық тапсырмалар баланың күнделікті өмірімен 
байланысты берілген жағдайда затты (құбылысты) көз алдына елестету, 
талдау, шешу жолын табу да оңай болмақ. Нәтижесінде оқушының 
математика пәніне деген оң көзқарасы мен жағымды эмоциясы 
туындайды. Есепті шешу үшін бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, 
оқушылардың өзара ақпарат алмасуына, тәжірибесі және білімімен 
бөлісуіне, бір-бірінің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келуіне итермелейтін 
оқу жағдаяттарын құрастыру, әдіс-тәсілдерді қолдану маңызды. Есепті 
бірге талдау, шешу жолдарын талқылау арқылы шағын топта, жұпта 
қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасады. Оқушылар өзара қолдау 
көрсетуге, білмегенін бір-біріне түсіндіруге ынталанады.
Құндылықтарды дарыту математика пәнінің міндеттерінде белгіленді:


24 
1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет