Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны 
тәрбие жұмысын жүзеге асыруды толық қамтыған. «
Дүниетану» пәнін 
оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан 
білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы 
және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру [5, 824 б.]. 
«Мен 
және қоғам» бөлімі әлеуметтік дағдыларды, отбасынан бастап туған 
жеріне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, қаржылық сауаттылық, 
денсаулық және қауіпсіздік, жеке бас гигиенасын сақтауға және 
азаматтық тәрбие беруге бағытталады. «Мен және менің отбасым», 
«Мектеп және мектеп қауымдастығы», «Денсаулық пен қауіпсіздік», 
«Құқық және міндет», «Мерекелер» бөлімшелерінің оқу мақсаттары 
арқылы жүйелі түрде ұсынылады. «Елімнің табиғаты» бөлімі еліміздің 
табиғат ерекшеліктерін, ауа райы, климатын және оның адам өмірі мен 
шаруашылығына тигізер әсерін, еңбек тәрбиесін, туристік нысандармен 
танысу, туризмді дамыту жолдарын, табиғат аясында өзін-өзі ұстау, өмір 
қауіпсіздігі негіздерін меңгерте отырып, туған жерге деген сүйіспеншілік 
сезімін оятуды көздейді. «Тарих беттерінен» бөлімі оқушылардың қазақ 
халқының өткені мен бүгінінен, өнері мен мәденитетінен хабардар 
болуын, еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар мен 
қоғам қайраткерлері туралы білімдерін кеңейте отырып, елімізге риясыз 
қызмет етуге, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуға баулиды. 
Оқушылардың Қазақстан тарихы туралы шағын әрі қызықты әңгімелер 
арқылы ұлтымыздың түп-тамырын танып-білуге құштарлығы оянады. 
 


26 
Тәрбие жұмысын
ұлттық дүниетаным тұрғысынан 
ұйымдастырудың маңыздылығы 
«Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай 
түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген 
күйiнде қалмақ», – деп Мағжан Жұмабаев 
айтқандай, 6-9 жас аралығындағы бастауыш 
сынып баласы тәрбиеге өте икемді болады. 
Дәл осы кезеңде үздіксіз және жүйелі түрде 
жүргізілген ұлттық рухани құндылықтар мен 
ұлттық дүниетанымға негізделген бала 
тәрбиесінің іргетасы берік, ғұмыры ұзақ болады.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі өзара сабақтасқан «Ұят болады», 
«Обал болады», «Жаман болады» деген үш концепциядан құралады. 
Халқымыздың рухани-адамгершілік іс-әрекеттерге, таным-түсініктерге, 
мінез-құлық пен әдет-ғұрыптарға т.б. қатысты толып жатқан наным-
сенім тыйымдары, айналып келгенде, «ұят болады», «обал болады», 
«жаман болады» деген қазақы моральдің үштағаны арқылы 
қарастырылады. Әсіресе, бастауыш сыныптарда осы концепциялар 
негізінде баланың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың маңызы зор.
Бұл концепциялардың негізінде мынадай принциптер жатыр:
1.
«Ұят болады» – ар тазалығы; 
2.
«Обал болады» – ниет тазалығы; 
3.
«Жаман болады» – іс-әрекет тазалығы.
Тәрбиенің заманауи принциптері (табиғи болмысына сәйкестілігі
мәдени сәйкестілігі, қарым-қатынас ізгілігі, өзін-өзі реттеу және т.б.) 
ұлттық тәрбиенің осы концепцияларымен сабақтасып жатыр. Ашып 
айтсақ, осы үш концепцияның аясында тәрбиенің барлық принциптері 
мен бағыттарын қамтуға болады.


27 
Ең бастысы, үш концептінің баланың ұлттық дүниетанымын 
қалыптастырудағы мүмкіндігін жүзеге асыру. Бұл концепциялардың қай-
қайсысы да адамның теріс әрекеттерінің салдарымен күресу емес, 
алдын алу мақсатын көздейтіні сызбада көрсетілді. 


28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет