8
6) өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған»
[1]
.
Білім беру құндылықтары пән мазмұнын моральдық тәрбие, мінез-
құлық тәрбиесі, әдептілік тәрбиесі және азаматтық тәрбиемен кіріктіріп,
оқытудың сапасын арттыруға қызмет етеді. Тәрбие мен білім берудің
біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Құндылықтар – бастауыш сынып оқушысын ЖЕКЕ ТҰЛҒА ретінде
қалыптастырудың іргетасын қалайтын жетекші фактор.
Білім беру
құндылықтарының мазмұнына үңіліп көрелік.
Қазақстандық патриотизм –
Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен
ұлыс өкілдерінің елімізге деген сүйіспеншілігі,
адалдығы және құрметі
[2]. Өзін Қазақстанның бір бөлшегі ретінде сезініп, салт-дәстүр,
мәдениетімізді қадірлеуі, мемлекетіміздің игілігі мен дамуы үшін риясыз
еңбек етуі. «Отан отбасынан басталады» дегендей, Отанды сүю, өз
отбасын,
ата-анасын сыйлау, жақсы көруден, түп-тамырын білу және
қадірлеуден бастау алады.
Ендеше оқушының бойында татулық, достық,
елдің мүддесін, Отанға қызмет етуді бәрінен биік қою қасиеттерін дамытып,
патриоттық сезімін ояту маңызды.
Сонда ғана патриотизм өз халқының,
ұлтының ұлылығын танудан халқымыздың
рухани және ұлттық
құндылықтарын, мәдениеті мен өнерін дәріптеуге ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: