Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

Жауапкершілік — өзіне тапсырылған міндетті атқаруы арқылы 
көрінетін адамгершілік қасиет. Жауапкершілік пен сенім – қатар жүретін 
егіз ұғым. Жауапкершілік танытқан адамға әлеуметтік ортаның сенімі 
күшейеді. Сенім болған жерде қарым-қатынас нығаяды, орта кеңейеді, 
сыйластық күшейеді. Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік таныту: ісіне 
адал және өзгелердің тарапынан үлкен сенімге ие болуға ықпал етеді.
Құрмет – өзін-өзі құрметтеу және өзгенің өзіне деген сыйластық 
қарым-қатынасын қалыптастыру. Айналасындағыларға және олардың 
пікіріне, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, әр халықтың 
тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау. Ол адамның айналасымен 
қарым-қатынасында әрекет арқылы көрініс табады. Адамға құрмет 



көрсету өзгелердің пікірі мен көзқарасын сыйлау, оны баз қалпында 
қабылдау, әл-ауқаты мен әлеуметтік статусына қатысты кемсітпеу 
арқылы көрінеді. Н. Құлжанованың 
бала тәрбиесіне қатысты. «Баланың 
бетін жасынан түзеп, дұрыс білім
ЖАҚСЫ ӘДЕТ, КӨРКЕМ МІНЕЗ, 
тазалық үйрету» деген ұстанымын 
басшылыққа алсақ, бала бойында 
моральдық 
құндылықтарды, 
адамгершілік 
қасиеттерін 
қалыптастыру мүмкіндігіміз артады 
[3, 
18-б]. Құрмет ұғымын терең әрі жан-
жақты қарастыруға болады.
Ынтымақтастық – ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өзгелермен тіл 
табысып, бірге әрекет ету. Әр адам жеке жұмыс істеуге қабілетті. Бірақ 
ауқымды жетістіктерге тек басқа адамдармен ынтымақтастықта ғана қол 
жеткізуге болады. Адамдар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, 
ауыр істі бірлесіп істейді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», ендеше 
баланың бойына жастайынан өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүру 
дағдысын қалыптастыру өте маңызды.
Бастауыш сынып оқу үдерісінде оқушылардың әлеуметтік 
дағдыларын дамыту әр сабақта жүйелі жүзеге асырылғанда ғана өз 
нәтижесін береді. Оқушы қарапайым оқу міндеттерін шешу, берілген 
тапсырманы топпен ақылдасып орындауы үшін ортақ іске өз үлесін 
қосуы, жауапкершілік алуы, өзгелерді тыңдап, олардың көзқарасы мен 
пікірімен санасуы және бағалауы қажет. Түрлі жобаларды, зерттеулерді 
ұйымдастырып, оқушыларды белсенді қатыстыру арқылы бала бойында 
ынтымақтастық қабілеттерін дамытуға жағдай жасай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет