Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

Еңбекқорлықөз ісін дұрыс ұйымдастыра білу, жұмыста 
белсенді, бастамашыл, адал, ынталы болу. Ең жақсы нәтижеге жетіп, әділ 
әрі жігерлі болу. Бастаған ісін қиналмай, туындаған мәселелерді шеше 
отырып аяқтай білуге баулу. Еңбекқор адамның жұмысқа көзқарасы оң, 
қарым-қатынасы позитивті болады. Бастаған ісін тез аяқтауға талпынады, 


10 
өзінің ерік-жігерін, күші мен мүмкіндігін аянбай салады. Еңбекқор 
баланың бойында мақсатқа жетуде табандылық, бастамашылдық 
қасиеттерінің негізі қалыптасады. 
Шығармашылық – қандай да бір жұмысты айрықша жаңа 
идеяларды қолданып орындау. Шығармашылық – адамның ойлау 
қабілетінің жемісі. Еңбек пен шығармашылық егіз, себебі еңбексіз 
шығармашылық болуы мүмкін емес. Шығармашылық ғылымда, 
техникада, өнерде ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірде, тұрмыста да, 
тіпті ас мәзірін дайындауда да көрініс табады. Шығармашылық әр балаға 
тән, себебі баланың қиялы ұшқыр, ол кез келген нәрсені өзгертіп, жаңа 
нәрсе жасауға құштар болады.
Ашықтық – адамның қарым-қатынаста көрінетін мінез ерекшелігі. 
Күнделікті өмірде орын алатын жағдайларды қаншалықты қабылдай 
алуымен 
көрінеді. 
Ашықтықты 
бірнеше 
салаға 
қатысты 
қарастырғанымыз дұрыс. Ең маңыздысы басқа адамдармен қарым-
қатынас жасаудағы ашықтық. Диалогке еркін түсуі, тосырқап тұрмауы, өз 
пікірін ашық айтуы, өзгенің пікірін сыйлап, қабылдай білуі. Бір сөзбен 
айтқанда көпшіл адам болуы. Өмірде орын алатын өзгерістерге (жаңа 
тәжірибе, өзгерістер және т.б.) ашықтық – түрлі жағдаятқа бейімделе 
алу, жаңашылдыққа құштарлық, қызығушылық таныту, қиялдай білу. 
Баланың бойындағы шабытын ояту деп түсінуге болады. Бала бойында 
жаңаны меңгеруге, түрлі сұрақтарға жауап табуға, ішкі сезімін басқарып, 
жаңа тәжірибеге дайын болуға, өзін-өзі бағалап, қайта қарай алатын 
қасиеттерін қалыптастыру маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет