Тергеу сұрақтары: Бұрын «Алашорданың»



бет8/9
Дата19.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#147936
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Азаматтық, адамшылық жүзiнен қаралса, бiр кiсi аштарға жан салып, қызмет көрсетсе – мендей-ақ көрсетер деп шүкiршiлiк етемiн. Мүмкiн, менiң еткен еңбегiм себептi ондаған, жүздеген аштар ажалдан қалған болар, қалмады деп Торғай елi айта алмас. Еңбегiм – салауат: ниетiм – арам, жүрегiм – қара, қазаққа зиянды адам болып табылсам, бұ да бiр уақыт шығар. Жазаға мойынымды ұсынамын, аштар үшiн мен-ақ құрбан болайын. Елiмнiң заңына көнемiн» – деген жүрек сөзi де кеңес өкiметiнiң жазалау саясатының бетiн қайырмады.

Жүсiпбек аштар үшiн ғана емес, ел үшiн құрбан болды. Бiрақ ол үкiм бес жылдан кейiн орындалды. Бұл жолы да Ахмет Байтұрсынов пен Смағұл Сәдуақасов жазықсыз жанды жандарын сала қорғады. «Алаш» қозғалысын тиянақты зерттеген тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтiң мәліметiне жүгiнсек, оқу-ағарту комиссары, «Еңбекшi қазақ» газетiнiң жауапты редакторы Смағұл Сәдуақасов Мәскеуде жүрiп:



«Түрмедегi айып орындығында отырған торғайлықтардың iсiн толық ақтайтын аса маңызды дерек менде бар. Мен келгенше сот iсiн тоқтата тұруыңызды өтiнемiн», – деп жеделхат жолдапты.

«Алашордашылардың» үстінен жүргізілген «атышулы сот ісі» Голощекиннің «дабылымен» тіптен үстемеленіп, қоңыраулатып өтеді. Ж.Аймауытов пен И.Байменовтың үстінен жүргізілген соттың нәтижесі туралы Ораз Исаев Голощекинге есеп берген хатында Ж.Аймауытовтан көрі С.Сәдуақасовты айыптау басым. Бұл мәселенің ұзын-ырғасы деректермен барынша қанық баяндалса да, Орталық комитеттің көзқарасын білдіретін ресми тұжырым болғандықтан да толық келтіреміз. Өйткені бұл тек қана Жүсіпбек Аймауытовтың ғана емес, бүкіл «Алашорданың» үстінен жүргізілген сот, алдағы үлкен істің дайындығы болатын және бұл сот процесі енді күш ала бастаған қужақтардың – голощекиншілердің де «Алашорданың» аштық тұсында ел үшін еткен еңбегін еш кетіру, өз туыстарының қамын ойлаған пайдакүнемдер ретінде көрсету әрекеті болатын. Ораз Исаевтің де «Алашордаға» қарсы науқанды ұйымдастырудағы «алғашқы қадамы» еді:



О.Исаевтің баянхаты: «Аймауытов және басқалардың үстінен жүргізілген сот процесі» туралы әр түрлі алып қашпа сөз айтылып жүргендіктен де, екінші жағынан алғанда соған қатысты кейбір жайлардың шектен шыққанын ескеріп, сол кезде бюро мүшелерінің көпшілігі жоқ кезде Өлкелік комитеттің хатшысының орынында қалғандықтан да хат арқылы төмендегіні мәлімдегім келеді. Осы істің барысы туралы мәселе Қазаткомның президиумында қаралған сияқты еді, сонда президиум мүшелері Мыңбаев пен Сәдуақасов елден ерекше пікір ұстанып, бұл партияда жоқ интеллигенцияның арасында ішінара назарылық тудыруы мүмкін – деген сылтаумен істің қаралуына қарсы болған. Бұл наразылық Өлкелік комитетке берілді ме, жоқ па, оны білмеймін. Мен мұны тек сот процесі өтердің алдында ғана, Жоғары соттың төрағасы ж.Демме Өлкелік комитеттен арнайы қоғамдық айыптаушыны белгілеп беру туралы ресми түрде хабарласқанда ғана білдім. Оған менің жеке өзімнің қатысуымды өтінді. Киселев жолдастың қолдауымен мен бас тарттым. Киселев жолдастың Сырдарияға іссапармен кетуіне байланысты хатшының орынында қалатынымды, сондықтан да уақыттың болмайтынын және ыңғайсыз екендігін желеу еттім. Мұның басты кілтипаны – ашаршылық жылдары келтірілген шығын болғандықтан да ғана «үлкен адамдар» іске тартылып отырғандығында екенін баса көрсетттім.Одан басқадай (төменде айтылатын) шиеленіс ойыма да келмеді. Жоғары соттың өтінішіне орай алғыр әрі қолы менен көрі бостау ж. Бековті ұсындым. Соттың құрамы туралы сөз болған жоқ. Сөйтіп процесс басталып кетті. Баспасөз пікір білдіріп жатты, бірақ соның ішінде «Советская степь» газетінде дөрекілеу мәнерде жазылған мақала мен хабарландырудан басқа белсенділік танытқан жоқ. Соған орай қандай да бір ұйымдасқан іске қатысты қарсы мақаланы Қазаткомның органдары жариялаған емес.

Соттағы айыпкердің орнына өте белгілі адамдар, соның ішінде Аймауытов пен коммунист Байменов отырды.

Істі тыңдау барысында мәселенің басқа жағы көріне бастады. Процес барысында көпшіліктің пікірі: айыпкерлерге жаны ашығандар боп және соттың үлкен жазаға кесуіне мүдделі топтар болып – екіге жарылды. Мұның орын алуына түрткі болған жай кейін баяндалады. КИНО (Қазақ оқу-ағарту институты – Т.Ж.) мен Өлкелік партия мектебінің оқушыларының айыпталушыларды жақтайтыны байқалды, ҚӨПМ-нің тыңдаушылары сот кезінде Байменовті (ҚӨПМ-нің бұрынғы оқу ісінің меңгерушісі) еркіндікте ұстау туралы сотқа мәлімдеме тапсырды. Тіпті сот процесінде айыпкерлерді қамақта ұстау туралы талап қойылды. Сот төрағасы ж.Бекбатыров: олар өздерін тым еркін ұстағандықтан да солай істеуден басқа амалы қалмағанын айтты.

Осы іске байланысты ж.Сәдуақасовтың жөнсіз іс-әрекетін атап өтпей кете алмаймын. Сот тергеуі аяқталар тұста ж.Сәдуақасов Москвадан (әлде Орынбордан ба) Тоқжігітов арқылы жедел хат жолдап, бұл іске байланысты оның маңызды айғақтары бар екенін хабарлайды. Істе бұл адамның аты-жөні жоқтығын, өзінің Қызылордадан тыс жүргенін ескеріп, өтінішін ескерусіз қалдырады. Сәдуақасов келген кезде сот тергеуі аяқталып, екі жақтың жарыссөзіне кезек келеді. Ол келе сала Өлкелік комитеттің бюросында талқылауды ұсынып, мәселені ушықтырып жіберді. Мен Нұрмақовпен сөйлестім, сот төрағасы Бекбатыроыты шақырып, істің барысын сұрадық. Ол: Байменов пен Қарпықовтың және басқалардың қылмысы дәлелденгенін, ал Аймауытовтың кінәсі аз екенін айтты. Нұрмақов екеуміз оған: егерде Аймауытовтың кінәсі елеусіз, дәлел болмаса, онда біздің ойымызша, 3-4 айдан артық кесім жасамаңыз, бұл партияда жоқ интеллигенттердің арасында бізді (өкіметті) «жала жабуға», қудалауға тырысты деген пікір тудырады. Қалғандарына заң бойынша жаза беріңіз – дедік.

Біз осымен шектеліп, 2 адамнан тұратын бюро мәжілісін шақырмай-ақ қоюды ұсындық. Алайда Сәдуақасов бюроны шақыруды, онымен де шектелмей, Өлкелік комитеттен олардың барлығын, тым құрығанда Байменовті ақтауды талап етті. Нұрмақов жолдас та бюроны шақыруды қолдады. Бюроны шақырудың мүмкіндігі болмағандықтан да, Нұрмақовтың, Сәдуақасовтың, Исаевтің, Кадиктің, Арынованың, Бокштың және басқалардың қатысуымен кеңес өткіздім.

Мен біздің неге жиналғанымызды, сот төрағасымен арадағы әңгімені баяндап бердім, ал Сәдуақасов жолдас арнайы баяндама жасағандай сөйледі. Оның пікірі мынаған саяды: 1. Бұл үлкен оқиға, өйткені сот орындығында Аймауытов сияқты қазақтың Вересаві, Алексей Толстойы отыр, ол «Интернациональ» мен «Жас гвардияны» аударды. Бұл партияда жоқ интеллигенцияның арасында наразылық туғызады, осы күндері Қызылордада кім билікті ұстап қалса, соған сөз келтіреді. 2.Бұл сот процесі – «Алашорданың» үстінен жүргізілген сот, одан басқа ештеңе де емес, сондықтан да соттың құрамы «Бекбатыров, Арықова және Ашмаев) ол деңгейден төмен (көрнекті адамдар емес). 3. Сотта жалғыз ғана қорғаушы бар, оның өзі орыс екен, сондықтан да сотқа жетекшілік жасау керек.4.Сотқа тартылғандарды, соның ішінде Аймауытовты қорғап жазылған жалғыз мақаланы, Дулатовтың мақаласын «Еңбекші қазаққа» жариялауға келісім бермеу деген қандай шектен шығушылық ( бұл мақала Сәдуақасов келісімен «Еңбекші қазақтың» бетінде жарияланды). 5. Бұл іс ескіріп кеткендіктен де және «айыпты болмағандықтан да» сотталуға жатпайды, бәрін босату керек. 6. Маған (Сәдуақасовқа) сотта не куә ретінде, не қоғамдық қорғаушы ретінде сөйлеуге рұқсат беріңіздер, қазақтың қаламгерінің бірі ретінде оларды қорғауға тиіспін. 7. Сондай-ақ партияда жоқтар бұл процеске қазақтардың партия ішіндегі бір тобының екінші тобына көрсеткен қыры деп баға береді – деген пікір білдірді.

Кеңес мұның бәрін бекітпеді және бізің сот төрағасымен болған әңгімемізді қостады. Бұдан шығаратын менің қорытындым: 1.Өлкелік комитет оқиғаның ұйымдастырылуы тұрғысынан алғанда оның қалай дамитынына мән бермеді. 2. Сәдуақасов жолдастың алашордашылармен арасындағы жік ажыратылмаған. Қазақ интеллигенциясының мәдени деңгейі туралы пікірі қылымысқа жалғасып жатады. Оның кеңес соты жөніндегі көзқарасы да жағымсыз әсер қалдырады.3. Алашордашылар өзінің азуын көрсетті, Сәдуақасовты пайдалана отырып, партия мен өкіметке ықпал етуге тырысты. 4. Оқушылардың тәртіптері де алаңдатады және тиісті шара қолдануды талап етеді. 5. Сотта зиян шеккен үкімет мекемелерінің, мысалы, басында мал жинау ісін жүргізген «Аштарға көмек» комитеті өкілдерінің болмауы да жарасып тұрған жо қ.6. Сәдуақасовтың мақаланы жариялау туралы пікірі де дұрыс емес, қайта сот жүріп жатқанда оны жарияламау керек еді, Сергеевті айыпталушының өзі таңдап отырғандықтан да, қорғаушы жөніндегі пікірі де орынды емес. 7. Соттың үкімінен кейін Сәдуақасовтың әлдекімге: Аймауытовтың қорғау кезіндегі сөзі оны ақтап алды – дегені де жеңілтектік, өйткені мұны ол соттың төрағасынан үкімнен бұрын естіп алған болатын.

«Алашорданың» осындай белсенділік танытып отырған ісіне Қазаткомның қаулы шығаруы орынсыз деп есептеймін. О.Исаев» – деп пікір білдірді.

Біз бұл хатқа талдау жасап жатпаймыз. Тек, бұл сот процесі Жүсіпбек Аймауытовтың үстіне ғана жүргізілген сот емес, «Алашорданың» үстінен жүргізілген сот деген пікі өте орынды болатын. «Ашаршылық» тұсында өзінің туған ұлты мен туған ауылын аштыққа ұшырата отырып, Ресей мен Украинадағы аштарға азық-түлік жіберумен шұғылданған большевик қазақтар, соның ішінде Меңдешев пен Исаев та бар, алашордашылардың халыққа жасаған қайырымдылығын кешіре алмай жүр еді. Тағдырдың тәлкегіне орай, олардың бұл өкінішін орындатуға тағы да мүмкіндіктері болды. Ал олар ол ашаршылықтан туған халқын қорғап қалған жоқ, қайта, сол аштықты өз қолдарымен жасады. Ол тұста да бұл кінәні «Алашордаға» жауып, оларды шетінен соттады. Бірақ ар алдында өздерін-өздері ақтай алмайтындай күнаға батты.

Қызылордадаға келген соң айыпкердiң қорғаушысы, тым болмағанда куәсi ретiнде сөз алуды өтiнгенiне қарамастан оған рұқсат бермеген. Аса жауапты мемлекеттiк қызметтегi лауазымды адамның тiлегiн қанағаттандырмағанына қарағанда сотқа Орталық және Өлкелiк партия комитетi мен Бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың қысым жасағаны байқалды. Күрескер, өжет қайраткер Смағұлдың қолынан келгенi соттың барысы туралы күн сайын «Еңбекшi қазақ» газетiне есеп жариялатып отырды. Мұның өзi қоғамдық пiкiрдi қалыптастырып, ақыры Жүсiпбек Аймауытов бастатқан Шайқы Құлшанов, Ахметсафа Юсупов, Рүстем Әбдiғапаров, Iлияс Байменовтердi сот ақтап шығарды.

Бұған Жүсiпбектiң ақырғы сөзi де үлкен әсер еттi. Ол өзiнiң басын бәйгеге тiге отырып, заң мен дәстүрдiң арасындағы қайшылық туралы азаматтық құқық саласындағы мүлде жаңа пiкiрдi сарапқа салды. Тек таптық мүдденi қорғайтын заң – әдiлетсiз заң дегенге сайды. Алаш азаматтарының беделiн қалайда төмендетiп, жек көрiнiштi көрсету үшiн айла-тәсілдiң бәрін қолдаған ОГПУ тергеушiлерi Жүсiпбек Аймауытовқа :



1). Малды аштарға таратып беретiн комиссияның мүшелiгiне қасақана кiрiп, «Алашорда» Үкiметiнiң туыстарына заңсыз үлес бердi. Кедейлердi үлестен қақты. 2). үлестiрген малды кiм алғаны туралы қолхат алмады. 3). Өз бетiнше бақташыларға мал үлестiрген – деген айып тақты.

Жүсiпбек Аймауытов бұл айыптың саяси астарын аша кеңiнен қамтып, ақтық сөзiнде былай әшкереледi:



«Бiз қазақтың өз алдына ел боламыз деген заманында, өз алдына сот құрып отырғанда – алғашқы сот алдын көрiп отырмыз. Бұған шүкiршiлiк ету керек. Себебi қазақ соты – қазақтың әдетiмен санаспақ. Қазақ iсiнiң қылмысты түрi қандай, қылмыссыз түрi қандай (соны) әбден қарастырмақ. Бұл iске, менiңше, кейбiреулер заң жүзiнен ғана қарап, кейбiреулер сұрқиялық көзбен құрғақ сөзге салып жатқан көрiнедi.

Бұл малдың жиналу ретiнде келсек, қазақ арасында жиналған мал – қазақ әдетімен жиналды, сондықтан бөлу де қазақшылық ретiмен болды.

Ал ендi малдың бөлiгi туралы наразылық – көрiнеу түрде, ру ретiмен, қазақтың ескi әдетiмен шыққандығы көрiнедi. Торғай елiне 4 000 мал келгенде көктен түскендей болды. Мал адамның етiне жақын (болғандықтан да олар) өте қуанып, тiк көтерiле даярланды. Малдың басына барған кезде – адам, халық малды таптап кеткен едi. Аштарға малды бере бастағанда халықтың қызығуы, алқымнан алуы солайша күшейе бастады. Бiр жағынан – аштардың тiзiмiн алып жатсақ, екiншi жағынан – мал бер деп жағадан алып жатты.

Жалпы, қазақтың бұл туралы әдетiн алсақ: 8 000 малды үлестiрiп алу түгiл – 8 кез сисаны жанжалсыз үлескен емес. Соған қарағанда бұл iс 12 том түгiл, әлденеше том болуы керек едi. Оның үстiне, ақсақалдық дәуiрi басынан кетпеген надан Торғай оязында болған iс болса, мұның ақырынан қандай ынтымақтық күту керек? Сондықтан бұл iске дау шықпайды деуге болмайды... Менен басқа тәсiлшiл бiреу болса, бәрiн қағаз жүзiнде тап-тұйнақтай қылып iстер едi.

Менде ол болған жоқ. Менi: «Неге кемесияға кiрдiң?» – деп айыптайды. Мұның қисыны жоқ.

Себебi, ала жаздай бейнеттенiп келiп, кемесияға кiрмей, малдың қалай бөлiнгенiн бiлмей кетуiм дұрыс па едi? Әрине, дұрыс емес. Бұл сөз: «Жаны ашымастың қасында бас ауырмас» – деген сөз ғой деймiн. Мен Торғайға жеткенше бiр мал жоғалттырмай келдiм, ақырында ашыққан ел оған қарамады, 90 малды талап әкеттi, оның 30- дан артығы табылды. Ал ендi 2 жұма баққан 74 малшыға 74 қара, малшылардың тамағы, киiсi деп 30 шамалы қара берiлген. 2-шi малдан менде ондай шығын болған жоқ.

Ал ендi азаматтарға мал бердi дегенi туралы. Мен кедейлерге беру жолында болдым. Мысалы, Орынборда жатқан Жангелдинге 15 қара бер дегем жоқ. Соның кедей аш-арық туыстарына бередi деп сенгенмiн.

Мен Торғай оязының партия құрамарлығын, ақсақалдар дәуiрi кетпеген ел екенiн газетте де жазғамын. Сондықтан да уәкiл сайлауын сол елдердiң өз ортасына жiберген күнде де (олар) бiзге аудан дұрыс уәкiлдерiн сайлап бермес едi. Сондықтан бiз сенiмдi, Торғайдың жауапкер қызметкерлерiнiң алдында сайлатуды мақұл көрдiк. Сондықтан қалада, ауатком алдында сайлады деп айыптау қате. Ал ендi айыптаушылар: қазақ арасында таптық сезiм жетiп болды деп айта ала ма екен? Әрине, айта алмайды. Оған дәлел: бүгiнгi «Еңбекшi қазақтағы» жазылған бiр мақала...

Ру тартысы бiтiп, тап тартысында қалды деп, қазақ елiн ешкiм айта алмайды. Сондықтан ондай елдiң ортасында қиянат болмау, кедейдiң ақысын жемеу мүмкiн емес. Ол болмайды деп мен айта алмаймын. Бiрақ оның үстiне менiң (өзiм) қазақ елiнiң iшiнде өтiрiк, өсекке, шағымға шебер екендiгiн көргенiм – Торғай елi, сондықтан бұл iстi (былай қойып) бұдан да ауыр iс iстеулерi ғажап емес едi.

Ал ендi осы тәрiздi iстен саяси астар шығаруды ойлайтындар да бар көрiнедi. Бiрақ оны жоғарыда айтқан Торғай елiнен шығаруға бола ма? Себебi, Торғай елiнiң балшебигi де, Алашы да – жуаннан шыққан, атқа мiнгендерi – оқығандар. Мысалы, пәлен жерде большевик бар десе, бiреуi большевик болады. Алаш бар десе Алаш болады. Мiне, осыдан саясат шыға ма? Бұдан қазақшылық шығады.

Қағаз (қолхат) болмады деседi. Ол үшiн бұл iстiң қандай уақытта болғанын еске алу керек. Бұл – ат үстiнде болған iс, талмау уақытта болған iс. Бұл туралы қағазды жақсылап шығармақ түгiл, сол уақытта менде бiр жапырақ қағаз жоқ едi. Сондықтан мен ойлаймын, ондай уақытта қағаз жағын орындай алмаспың деп дәлел айтуға болмайды. Бұл арада Ленин сөзiн дәлелге келтiремiн: «Сөзге нанбау керек, iске нану керек» – деген. Сондықтан iстеген iстi еске аларсыздар.

Менiң сотты болып, ауыр не жеңiл жаза алуымнан қазақ халқына үлкен кемдiк болады-ау деп ойламаймын. Бiрақ қазақ соты – қазақ әдетiн, қазақ жайын, оның мiнезiн-құлқын еске ала (отырып), бiздiң тағдырымызды дұрыс шешер деп ойлаймын:..

Менi жек көргендер: «Шынды айтасың, жалпы кемшiлiктi көрсетесiң» – деп жек көредi. Шындық айтқан адам халыққа жаққан емес. Әсiресе, бiздiң қазақ халқына. Себебi, бiздiң ел әлi жетiлмеген. Сондықтан мен құрбан болармын. Бiрақ, мен – жетiлген елдiң баласы болсам, бұл сотты, iс камиясын көрмеген болар едiм. Бiрақ амал жоқ. Өз елiмнiң ортасында құрбан болып кетсем арманым жоқ. Ел заңына бағынбауға болмайды. Егер халқымның заң, ғұрпы менi айыпты десе, амалым не?», – деп сөзiн бiтiредi.
Қысқаша ғана үзiндiнiң өзiнен Жүсiпбектiң жан сырын аңғару қиын емес. Мiне, осы Торғайға жеткiзiлген 15 мың малдың iшiнде Әлихан Бөкейхановтың – Шыңғыстауды, Міржақып Дулатовтың – Семей уезін, Мұхтар Әуезовтiң де Ертiс бойын аралап жүрiп жинаған сауын-салауаты бар едi. Олар өздерінің жиған малдарын Баянауылдағы Жүсiпбектiң қосына қосты. Әрине, олар, Жүсiпбек айтқандай «ондаған, жүздеген емес», мыңдаған отбасының шаңырағының түтiнiн түтеткенi анық. Өткенi, жылуға негiзiнен сауын сиыр жиналған болатын. Ал олардың қаншасы отыз екiншi жылғы зауалдан аман қалды, ол тек бiр Аллаға ғана аян.

Халықтың басына түскен қасiреттi ұлтшылдың дұшпандық әрекетiнiң кесiрi деп көрсетпек болғанымен де, бүкiл бiр ұлттың аштан қырылып қалу қаупi төнген оқиғаны Қазақ Автономиясын билеген коммунист – колонизаторлар да, коммунист-қазақтар да жасырып қала алмады. Ақыры бар шындықты мойындап Мәскеуге мәлімет беру үшiн «Алаштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысын» дайындады. Аса құпия құқы бар бұл мәлімет дербес кiтапша ретiнде дайындалғанымен, жарияланбаған күйiнде қалды. Тарихшы Ақыжан Игенбаевтiң назарына iлiккен бұл құжаттағы құпия деректер жан түршiктiредi. Алаш азаматтарының қандай күй кешiп, неге тәуекелге барғанын түсiну үшiн «қортындыдан» бiрнеше мысал келтiремiз.

Құжат Мәскеудiң көңiлiн аулап, өздерiн ақтау үшiн жазылғандықтан да жұттың шығу себебiн:

1) Патша өкiметi ашаршылықпен күреспедi. 2) Қазақ даласы мен қазақтар үшiн жұт – табиғат сыйы. Қазақтардың ашаршылыққа етi үйренiп қалған. 3). Сондықтан да Ресей мен Украинадан келген келiмсектерге ең бiрiншi көмек көрсетiлді – деп баса баяндайды.

Мұхтар Әуезов ашынып айтса – айтқандай екен. «Алаштарға көмек комиссиясының» құрамында бiрде-бiр қазақ қызметкерi жоқ. Олар көмектi тек еуропалық ұлттар қоныстанған мекендерге көрсеткен. Халықаралық көмек ұйымдары қазақ даласына ат iзiн салмаған. Сондай-ақ «ашаршылықтан құтқару үшiн 1921 жылдың жазында Түркiстанға 20 мың еуропалық тұрғындар» жiберiлген. Демек, осы «қорытынды» да аталып өткенiндей, ашаршылыққа ұшыраған қыр қазақтарына ешқандай көмек көрсетiлмей, тағдырдың тәлкегiнде қалған.

Түркістан мен Қазақ автономиясының, Қазақ автономиясы мен Батыс Сібір өлкесінің шекарасын анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылған тұста «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылғы 28 қазандағы санында Ә.Бөкейханов өзінің «Қазақ қанша?» атты шағын шолуында:

«1914 жылы Руссиядағы бар адам 161 миллион 700 мың болатын. Ол жылы қазақ қанша еді? 1896, 1907 жылы он жыл аралатып Көкшетау уезіндегі қазақты екі қайта есептеген. Осы екі есепті (өзара) салыстырсақ, қазақ өсімі жалпы адам баласының өсімінен артық көрінеді. Қазақта бір жылда екі жүзге үш адам қосылып өседі десек, 1914 жылғы қазақтың саны 6 миллион 470 мың болған болады.

Соғыс басталғаннан бері 10 жыл өтті. (Сонда) қазақтың он жылғы өсімі  979 мың. 17 –21 – жылдарда алаш жайын (елін) сүзек жайлады. 1917-жылы Түркістан, 1921-жылы Қазақстан жұтады. Ашаршылық болды, адамдар аштан өлді. Сонда қазақтың10 жылғы өсімі өлді десек, осы күні қазақ 6 миллион 470 мың болады. Сүзектен, аштан өлген адам (саны) 970 мыңға есеп десек, өлікті көбейткен (де), осы күнгі қазақ санын азайтқан да (сол есеп) болады. 6 миллион 470 мыңнан 970 мың адам өлсе, бұ өзге сөзбен айтқанда жүзден (жүз адамға шаққанда) он бес (адам өлген) болады.Бұл не? Бұ мынау алаштың жайында (елінде) ашы бар, оғы бар, ауруы бар, сауы бар, 20 үйден 15 адам өлдіге (есеп) болады.

Қазақ өтірік айтсын, есепші көр соқырша жерді қармап есебін жаза алмасын (бұл арада Ә.Бөкейханов ашаршылықтың құрбандарын кемітіп жазған кеңес хатшыларын мекзеп отыр – Т.Ж.), (сонда да) осы күнгі Түркістан (мен) Қазақстанның қазағы (мұнда Бұқара мен Хиуа қазағы жоқ) 6 миллион 470 мыңнан кем емес» – деп жазды.

Қасiреттiң аты қасiрет. Оны қанша әсiрелеп жазғанымен де, өкiнiштiң орынын толтыра алмайсың. Тек арнайы зерттеудiң арқауына айналмаған 19211922 жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылыққа көзi қарақты қауымның назарын аудара кету үшiн қысқаша ғана мағлұмат беремiз. «Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысы» бойынша:

Қазақ Автономиялы республикасының бес губерниясында 1 миллион 559 мың адам аштықтың тырнағына iлiнiптi. Әрине, бұл толық дерек емес екендiгi түсiнiктi.

Қазақ Республикасындағы баспанасыз, қаңғып қалған балалардың саны 1 желтоқсанда – 128 мыңға, 31 желтоқсанда – 158 мыңға, 1922 жылдың қаңтар айында 333 мыңға, наурыз айында – 408 мынға жетiптi. Бұлар тек есепке алынған аш балалар. Ал, қалаға жете алмай далада сүйегi шашылып қалғандар қаншама десеңшi.

Қазақ даласына ажал сепкен аштықтың қалай жайылғанын мына төмендегi екi кестеден анық байқайсыздар.
1921 жылдың наурыз айының соңындағы мәлiмет.


Губерниялар

Тұрғындардың

жалпы саны



Аштыққа

ұшырағаны



Процентi

Орынбор

Қостанай


Ақтөбе

Орал


Бөкей

Ақмола


Жиыны:

680.271

455.598


501.637

470.028


224.028

1 млн.164

3 млн. 353.228


526.401

414.350


361.049

446.536


66.255

472.000


2 млн.286.591

80.3

74.5


72.0

99.0


29.5

46.2


68.2












Екiншi кезекте: 1921 – 1922 жылдары аштық пен iндетке ұшырағандардың (мың есебiмен) тiзiмге iлiккен мөлшерi, жақшаның iшiндегi сан – өлгендердiң есебiн көрсетедi).




Айлары

Орынборда

Оралда

Ақтөбеде

Ақмолада

1921 жыл.

Қараша...

Желтоқсан

1922 жыл.

Қаңтар...

Ақпан


Наурыз

Көкек


Мамыр

Маусым


Жиыны:

3044 (210.7)

947 (2.022)
2.241 (1908)

770.3 (625)

520.1 (378.5)

433.3(340.1)

347.9(270.0)

682(376)


2.957.(2.253.5)

112.(39)


947(481)
813(503)

850(545)


868(13.9)

712(602)


536 (418)

338(57)


5.178(3.3.003)

1112(1.010)

749(1.642)
1.050(981)

1.438(138.9)

712(602)

630(530)


548(474)

505(430)


7804(70.58)

250(172)


224(184)
483(350)

105.0(730)

103.1(150.9)

226.0 (502)

704(502)

57(17)


659(4955

)

Екi кестенiң соңында да: «бұл толық есеп емес. Аштардың да, өлгендердiң де саны бұдан әлдеқайда көп» деп ескерту берiлген, содан-ақ, бұл ашаршылықтың қандай көлемде заулал әкелгенiн болжай берiңiз. Бұл қолжазбада қасiреттi көрiнiстер көп. Адамның жанын түршiктiру үшiн емес, мұқым қазақстан халқының басына түскен нәубәттiң сұмдығын сездiре кету үшiн Орталық комитетке қаратыла жазылған ресми құжаттың өзiнде жазылған мына мәліметпен ойымды тұжырымдаймын.

«Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнiнде, iндетке айналды. Осынау «бiр кесiм ет үшiн» бiрiнiң жағасын бiрi жыртқандар көшеде жыртылып айырылды. Өмiрдiң өзiнен алынған шындықтың сиқы осындай; қу құлқыны үшiн, күн көруi үшiн әлгiндей бiр хайуанның соңынан бiрнеше адам жүгiрiп бара жатады. Қалайда тiрi қалудың қамын жасап, жансебiлдiкпен жанталасқан әлгi адамның өмiрге құштарлығын түсiну үшiн оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезiндегi қуанышын көрсеңiз ғой, аштықтың қасiреттi сайқымазағын сонда түсiнесiз. Жол жиегiнде өлiп жатқан,өлiп бара жатқан адамдарға әлгi «жансебiлердiң» өзi қарауға қорқады, өйткенi келесi сәтте оның өзi де соның кебiн құшуы мүмкiн. Иә, ол да ғажап емес... Сотта, бiрде аштық сотта тұрақты түрде адамның етiмен қоректенген үш адамның iсi қаралап жатса, келесi де адамның етiн пұттап сатқанға үкiм шығарып жаттады. Мiне, дәл осындай көрiнiстен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетiнiң 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебiнде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсiресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар.. Аштар өлгендердiң етiн жеп жатыр» - деп жазылған екен.
Сұмдық!

Адамға адамның етiн жегiзген өкiмет те жетпiс жыл өмiр сүрдi.

Жә, тергеушi мен тергелушiлердiң жортақ желдiрмесiне iлеспей, дұрыс сөзге көшейiк. Оң iстiң тонын дәл осылай терiс айналдыру – кеңес өкiметiнiң тергеу жүйесiнiң аса әккi және сынақтан өткен тәсiлдерiнiң бiр болатын. Қазақ ұлтының ашаршылықтан жарым- жартылай аман шығуы – бүкiл бiр ұлт – кеңес өкiметi мен коммунистiк партияның қылмысты саясатының тiрi куәсi боп қалды деген сөз едi.

Ал куәларды бұл қоғам да, Сталин де, Голощокин де, ұнатпады. Ұлт iстерi жөнiндегi халық комиссары Сталиннiң қылмысын ашатын бұл аштықтың арашашылары – алаш азаматтарының көзi жойылмаса «ұлттар көсемiнiң» ұйқысы тынышталмайтын едi..Партия iшiндегi iрi тұлғалардың бiрi, татар обкомының хатшысы Сұлтанғалиевтi 1923 жылы түрмеге қамағаннан кейiн Сталин шарап ұрттап, өмiрден ең үлкен рахат алатын кезi:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет