Ірі қара малдың ұшасынан механикалық түрде терісін шешуге арналған « Москва – 4 « конвейерлі агрегаты қондылығы түрлі категориялы ұшалардан үздіксіз ағымда теріні шешуге мүмкіндік береді. Жұмысының үш режимінің бірін қолдана отырып ет пен майдың тілініп кетуін ұша массасына 0,1 % - ға дейін төмендетеді ( 100 басқа – 15 кг. жуық ), еңбек өнімділігін 70% - ға дейін арттырады. - Ірі қара малдың ұшасынан механикалық түрде терісін шешуге арналған « Москва – 4 « конвейерлі агрегаты қондылығы түрлі категориялы ұшалардан үздіксіз ағымда теріні шешуге мүмкіндік береді. Жұмысының үш режимінің бірін қолдана отырып ет пен майдың тілініп кетуін ұша массасына 0,1 % - ға дейін төмендетеді ( 100 басқа – 15 кг. жуық ), еңбек өнімділігін 70% - ға дейін арттырады.
- Агрегаттың өнімділігі сағатына 75, 100, 150, 300 бас. Бұл оны қуаты түрлі кәсіпорындарда пайдалануға мүмкіндік береді. Агрегаттың ұзындығы 12 м, оны ет комбинатының бір қабатында орналастырады, ал үздіксіз әрекеттегі ФУА жэне ФУАМ қондырғылары биіктігі үлкен бөлмені қажет етеді.
- Ұсақ мал терісін ұшасының артқы сирақтарынан бастап қолмен шеше бастайды. Осыдан кейін оны горизонтальды жағдайға ауыстырады ( төрт аяғынан да іледі ). Осындай қалыпта ілінген ұшаның терісін алдынғы сирақтарынан, мойын, төс және қарын аумағының жекелеген бөліктерінен шешуге ыңғайлы. Малды конвейерде өңдеу кезінде шеңберлі жолдағы ұшаның қозғалысы жұмысшы конвейердің қозғалысымен келісілген. Шеңберлі жолда теріні шешкеннен соң алдыңғы сирақтарын ілгектерден босатады да ұша вертикальды қалыпқа ауысады. Осындай жағдайда қарын, бүйір және арқа бөліктерінен ақырғы теріні шешу операциясы жүргізіледі ( қолмен жұлып алады ).
- Ұсақ мал ұшасының терісін механикалық түрде шешуді терінің барлық ауданының 50 – ден 75 % - ға дейінгі көлемін кұрайтын іреу операциясынан кейін жүргізеді. Ұсақ мал ұшасынан теріні механикалық түрде шешуді барабанды типті қондырғыларда іске асыруға болады. Оның жұмысшы бөлігі – айналмалы барабан болып табылады ( айналу жиілігі 3,0 – 0,6 с -1 ). Оның шеңбері бойымен бір қатарға теріні бекітіп жұлуға арналған ілгектер орналастырылған. Өнімділігі сағатына 100 – 350 бас. Іреу ауданы 70 % -ға дейін.
- Одан басқа бұл қондырғымен салыстырғанда қарапайымдау вертикальды қондырғы жасалынып шығарылған. Жұмыс істеу принципі бойынша барабанды қондырғымен бірдей. Оның өнімділігі сағатына 100 бас.
- Барабанды және вертикальды қондырғылар ең тиімді болып табылады, өйткені оларда теріні жұлу нольге жақын келетін бұрышта жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |