Крупондау - бұл шошқа ұшаларын өңдеудің комбинирленген әдісі. Ең құнды терінің бүйір немесе арқа бөліктерінің (крупон) ұшадан бөліп алып тері өндірісінде пайдаланады. Ұшаның қалған бөліктерінде тері қалдырылады, одан жүнді, ұсақ шаш, мамық және эпидермисті жояды.Өңдеуді келесі әдіспен жүргізіледі. Ұшаны жуғаннан соң жидіту чанының конвейеріне бекітілген люлькаларға жидіту чанына арқасымен жоғары қарай малады. Малу тереңдігі – 15 – 20 см. Алайда крупон жидітілген жоқ. Бастарды чанның тұтас ұзындығы бойынша бекітілген душ астында жидітеді. Су температурасы 63 – 64 С, ұзақтығы 3 – 4 мин. Ұшаның жидітілген бөлігіндегі жүн қырғыш машинада алынады.
Қырғыш машинадан ұшаны столға шығарып алады және қажет болған жағдайда қосымша тазалауды қолмен жургізеді. Қысқа пышақпен (лезвие ұзындығы 3 – 4 мм.) крупонды ерекшелей отырып ұшаның жидітілген бөлігінін шекарасы бойымен теріні тіледі. Теріні фиксатормен немесе крупонды механикалық шешу шынжырымен ұстай алу мақсатында мойын бөлігінің забеловкасын іске асырады.
Крупонды теріні толық шешу жүзеге асырылатын қондырғыларда шешеді. Крупонды шешкеннен кейін үйіту пештерінде крупоны шешілген ұшаның арқа бөлігі жоғары температурамен өңделмеу қажет деген есеппен ұшалардың төс және қарын бөліктерін арнайы құрылғылармен үйітеді. Содан кейін ұшалрды әрі қарай өңдеуге жібереді.