Ұсақ тері шикізатына жас ірі қара мал (слизок, массасына байланыссыз опоек және 10 кг – ға дейінгі выросток) , жүнді және тонды өндірісте жарамсыз қой, сондай –ақ ешкі терісін жатқызады. Ұсақ мал (қой) терісін сонымен қатар жүн қабатының ұзындығы бойынша ажыратады: жүнді қой (жүнінің ұзындығы 6 см –ден артық), жартылай жүнді (2,5 –тен 6 см –ге дейін), тықыр (2,5 см –ге дейін).
Ірі тері шикізатына ірі қара мал терілері кіреді: п о л у к о ж н и к (массасы 10 -13 кг болатын жас өгіз терісі), б ы ч о к (массасы 13 -17 кг болатын жас өгіз терісі), я л о в к а (жеңілі – 13 -17 кг, орташасы -17 -25, ауыры -25 кг –дан артық), б ы ч и н а (жеңілі -17 -25 кг, ауыры -25 кг –дан астам), б у г а и н а (жеңілі – 17 -25 кг, ауыры -25 кг –дан астам).
Шошқа шикізатына массасы 0,75 -1,5 кг болатын торайлар терісін және шошқа терілірін (жеңілдерінің массасы – 1,5 - 4 кг: орташалары – 4 -7 және ауырларының массасы 7 кг – дан жоғары). Шошқа крупондарын (арқа, бүйір және мойыннан шешілген тері бөлігі) ұсақ және ірі деп бөледі.
Теріге сипаттама.
Жүн қабаты жабылған теріні тері деп атайды.Топографиялық деп аталатын терінің құрылымы мен қасиеттері әр түрлі аудандарда бірдей емес.
Ірі қара мал терісінің қалыңдығы әр түрлі: огузокта үлкен емес, нң кішісі полада әсіресе пашинада. Терінің тығыздығы көп мөлшерде коллагенді талшықтар бумаларының өрілу сипатына байланысты болады. Өрілудің бес класын ажыратады. Торлы қабатының тығыздығы біріншіден бесіншіге дейін төмендейді. Ең жоғарғы тығыздыққа черпак ие болса, ең төменгіге пашина ие.Басы қалың, бірақ бос.
Тері негізгі үш қабаттан тұрады: эпидермис, дерма және тері асты клетчаткасы.
Эпидермис қалыңдығы тері қалыңдығының 1 - 2 % - н ғана құрайды. Былғары өндіру кезінде эпидермис пен шашты жояды, ал жүнді тері өндіруде - сақтайды.