Терідегі негізгі заттар- су және ақуыз, май және май тәрізділер кездеседі, сонымен қатар азғана мөлшерде көмірсулар, минералды тұздар және ферменттер бар



бет11/18
Дата03.01.2024
өлшемі2.14 Mb.
#488407
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Тері өңдеу

Ас тұзының мөлшері азайтылған қоспалар сусыздандырғыш бейорганикалық тұздар және органикалық байланыстар негізінде алынған. Мұндай жағдайда күшті сусыздандырғыш қасиетке ие болатын (негізінен түрлі катиондары бар сульфаттар) минералды тұздарды пайдаланады.

  • Ас тұзының мөлшері азайтылған қоспалар сусыздандырғыш бейорганикалық тұздар және органикалық байланыстар негізінде алынған. Мұндай жағдайда күшті сусыздандырғыш қасиетке ие болатын (негізінен түрлі катиондары бар сульфаттар) минералды тұздарды пайдаланады.
  • Қой терілерін ас тұзы, алюминий – калийлі квасцтар және аммоний хлориді осы үш зат қоспасымен, яғни консервілеудің қышқылды – тұзды әдісімен өңдейді. Осы кезде қой терісінің жылдам әрі мәнді сусыздануы жүреді, pH – тың қышқылдық жаққа қозғалуы, квасцтар мен аммоний хлориді гидролизі нәтижесінде күкірт және тұз қышқылдары әсерінен жеңіл пикелевание (қышқылдық өңдеу), сонымен қатар алюминий иондарымен бөлшектік дубление жүреді. Осы тәсілмен консервіленген қой терілері жоғарғы температура және ылғалдылық жағдайында микроорганизмдер мен ферменттер әсеріне тұрақты келеді.
  • Қышқылдылық – тұзды консервілеу құрамында ас тұзы ( 85 % қоспа массаына ), аммоний хлориді (7,5 % ) және алюминий квасцтары (7,5% ) бар қоспамен жүзеге асырылады . Қоян терілерін компоненттер қатынасы 90: 5: 5 болатын қоспамен өңдейді. Қой терілерін өңдеудің ұзақтығы 4 – 7 күн, қоян терілерін - 2 – 3 күн өңдейді. Жүнді (меховые) және тон тігуге арналған қой терілерінің құрамында 38 – 42 % су болуы қажет, pH көрсеткөштері 4,0 - 4,5 болуы шарт. отыруы 4 % .
  • Қой терілерін хлорид – сульфатты әдіспен консервілеу қышқылдық – тұзды ерітіндінің артықшылығын сақтай отырып оның кемшіліктерін болдыруға жол бермейді. Қой терілерін ас тұзы мен аммоний сульфатынан тұратын қоспамен өңдейді, бұл қоспа жоғары сусыздандыру қасиеті мен коллагенге әлсіз адсорбирлеу қасиетіне ие. Аммоний сульфаты күкірт қышқылынан туындаған затпен гидролизденеді, ал бұл қой терілеріне бактериялар әсеріне тұрақты болуға жәрдемдеседі. Сульфатион жоғары концентрацияда коллаген құрылымына үлкен тұрақтылық береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет