Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының басқа ғылымдармен байланыстылығы туралы өз ойыңызды білдіріңіз. Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады. Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.А. Байтұрсынов - – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -– сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды. А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.