«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәні бойынша «7М01723 Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау» білім бағдарламасының 2 курс магистранттары үшін


Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары көрсетіңіз



бет8/12
Дата30.12.2023
өлшемі45.28 Kb.
#488344
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ТЖМОӘ емтихан сұрақтары (Автосохраненный)

Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары көрсетіңіз.

Жоғары мектепте қазақ тілі пәндерін оқыту формаларына сипаттама беріңіз. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В.И.Загвязинский). Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.Лекция,семинар,лабаратория
Лекцияның негізгі дидактикалық максатын саралаңыз. Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекцияға қойылатын талаптар: Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі; Түсіндірудің эмоционалдық жағы; Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; Қорытындылау; Тілінің түсінікті және анық болуы; Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану; Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады. Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Лекцияньщ соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньщ құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады. *Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады: І.Кіріспе. 2. Ағымдағы лекция. 3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет