«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәні бойынша «7М01723 Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау» білім бағдарламасының 2 курс магистранттары үшін


Оқыту әдістерін таңдап алу шарттарына сипаттама беріңіз



бет7/12
Дата30.12.2023
өлшемі45.28 Kb.
#488344
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ТЖМОӘ емтихан сұрақтары (Автосохраненный)

Оқыту әдістерін таңдап алу шарттарына сипаттама беріңіз.


Оқыту әдістеріне сипаттама беріңіз. Оқыту әдістемесі — педагогиканың күрделі саласының бірі — дидактика тарауында қаралады. Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos — оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку процесінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді.
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау — түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау — анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі — демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс, т.б.5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті — ауызша баяндаудан басталады. Әңгіме әдісі — жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу, не жазған авторлардан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға сол материалды түсінікті, айқын, анық тілмен жеткізе отырып мазмұны баяндалады.
Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлерін атап, сипаттама беріңіз. Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Ал педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары дегеніміз – мазмұн, әдіс-тәсілдер, құралдар, білім алушылар мен педагогтың іс-әрекет түрлері сипатымен байланысты болатын оқу үрдісінің ерекше құрылымы. Жоғары білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру жоғары оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелері мен жалпыға міндетті білім беру стандарттарына негізделіп жасалады және мамандықтың оқу жоспарымен, сабақ кестесімен реттеледі. ЖОО-да сабақтар аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді. Педагогиканы оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларына дәрістер, семинарлар, зертханалық сабақтар жатады. Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет