«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәні бойынша «7М01723 Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау» білім бағдарламасының 2 курс магистранттары үшін


Семинар және лабораториялық сабақтарға



бет9/12
Дата30.12.2023
өлшемі45.28 Kb.
#488344
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ТЖМОӘ емтихан сұрақтары (Автосохраненный)

Семинар және лабораториялық сабақтарға шолу жасаңыз. Семинар сабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар. Семинар латынның " seminarium " деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытьщды түрінде өтілген. XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХГХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді. Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлъщ және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.) Семинар сабақтары - студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді ( А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша): Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту; Танымдық мотивтер; Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді. Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3 типін ажыратуға болады: Ағымдағы семинар Жекеленген семинар Арнайы семинар Ағымдағы семинар - бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты -студенттерді өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиет-тер мен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Лабораториялық жұмыстар - оқу-зерттеу іс-әрекеттері барысында студенттерге теориялық әдіснамалық білім мен оны нақты іс жүзінде қолдануға қажетті іскерлік, дағдылар жүйесінің интеграциясын сипаттайды
Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәніне сипаттама беріңіз. Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика тарауында қаралады. Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos - оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку процесінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді. Оқыту әдістері туралы әрбір зерттеушілер өз анықтамаларын береді: Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған "іс-әрекетм - деген анықтама береді. Оқыту әдістері - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары деген де пікір айтылады. Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскелік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. Дидактикалық құралдар төмендегідей жіктеледі: - көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.; - есту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.; - есту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.; - сөздік құралдар - оқулықтар, мәтіндер; - оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары; - сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары. Оқыту әдістеріне сипаттама Тәжірибеде негізгі үш білім көздеріне қарай - сөз, көрнекілік, іс-әрекет (практика) деп әдістерді топтастыру кең тараған: сөздік әдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс - әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет