Қазақ тілі пәнінің оқытушысы және өзіндік ерекшеліктері туралы айтып беріңіз. 1. Қазақ тілі оқытушысы кәсіби және кәсіби іс-әрекетінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан даяр болуы; ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеп, қорытуы; 2. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңартылған білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдерін, оқытудың инновациялық әдістерін игеруі; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау; оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтай алуы; қазақ тілі мен әдібиеті бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдай, оны инклюзивті білім беруде қолдана алуы; 3. Оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнату, оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы; педагогика саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу; 4. Ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялықпедагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу; 5. Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге, жаһандық сынақтарға бейімделуі
Оқыту әдісі, тәсілі, құралдары туралы түсінік беріңіз. Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика тарауында қаралады. Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos - оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку процесінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді. Оқыту әдістері туралы әрбір зерттеушілер өз анықтамаларын береді: Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған "іс-әрекетм - деген анықтама береді. Оқыту әдістері - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары деген де пікір айтылады. Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскелік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. Дидактикалық құралдар төмендегідей жіктеледі: - көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.; - есту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.; - есту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.; - сөздік құралдар - оқулықтар, мәтіндер; - оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары; - сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары. Оқыту әдістеріне сипаттама Тәжірибеде негізгі үш білім көздеріне қарай - сөз, көрнекілік, іс-әрекет (практика) деп әдістерді топтастыру кең тараған: сөздік әдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс - әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Достарыңызбен бөлісу: |