Когнитивті психология
Когнитивтiк психология қалай ақыл жұмыс iстейтiнiн талдап, және адамгершiлiк мiнез-құлықтың әр түрлiлiгін және күрделiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi. Алғашқы когнитивтік психолог Джордж Келли біздің тәжірибемізді интеллектуалды ұғынуды маңызыдық ретінде көрсетті. Адамдар өз өмірі туралы ерте индивидуалды даму этапында мағына құрастырады, кейінірек олар өзін өзгертудің және өзінің әлемге қатынасын өзгертуге болатын көптеген тәсілдердің бар екендігін жиі түсіне , саналай бермейді. Егер біз аздап еркіндік беретін болсақ, біз ойлағандай емес, нақтылық соншалық өзгермйтін болып табылмайды. Адамдар нақтылықты қайта өңдей алады. Келлидің айтуы бойынша адам ылғы өзгеру процесіне, яғни, өзін өзгертуге қатысса, барлық мәселелердің тамыры шешіледі. Келли осының негізінде әрекет теориясын,яғни, тұлғалық өсуге жеткізетін өзгеру мақсатын құратын теорияны жасады.
Тұлғаның Шығыстық теориясы.
Бұл тенденция психологияның барлық даму тарихымен байланысты, бірақ соңғы кездері ол америкалық және батыс еуропалық интеллектуалды және философиялық болжамдардан кем тәуелді халықаралық зерттеу аймағына айналуда. Бұл шығыстық теориялар Еуропа мен Біріккен Штаттардан айырмашылығы тез көрінетін қоғамдық және жүйелік құндылықтардан құрылған болатын. Осы мәдениетке тән наным және мұраттар адамзат болу деген не екенінің мәнін бізге молайта түсіндірді.
1960 жж. бастап американдықтар бар қызығушылықтарын шығыстық ойларға аудара бастады. Батыс оқуларын көрсететін көптеген кітаптар және уйымдар пайда бола бастады. Батыс адамдарының көбі жаңа құндылықтарды іздеуде , тұлғалық және рухани өсуге талпынды. Шығыс теориялары салмақты тұжырымдамалар мен жеке және рухани дамудың тиiмдi әдiстемелерiнен тұрды. Батыста бұл оқулар практикалық қолдануда, ғылыми зерттеулерде объект болып табылады.
Психологияның азиаттық түрінде патологияға аз көңіл аударып, экзистенционалды және трансперсоналды деңгейге басты акцент қояды.
Йога, дзэн және суфизмнің жалпы көзі діни тәжірибе мен күнделікті өмір арасындағы қатынасты түсіндіру қажеттілігі болып табылады. Бірінші психологтардың ішінде шайхылар психологтардың ішінен болды, Батыстағы сияты Шығыста да. Олар өздерінің оқушыларының эмоционалды және тұлғалық динамикасын , сонымен қатар рухани қажеттіліктерін түсінгісі келді.
Олардың айтуы бойынша біз белгілі моральдық заңдарға сүйеніп өмір сүруіміз керек, себебі адамгершілік регламентациясы өмірге тура және шипа ретінде әсер етеді. Қорыта келгенде, психологияның жан-жақты дамуын зерттеу шығыс ойлауын түсiнуді талап етедi.
Карл Юнг: " Шығыс психологияның бiлiмi... батыс психологиясын критикалық және обьективті қарауға негіз болады."
Осы жүйелердің барлығы трансперсоналды өсуге немесе тұлғаның эго көлемінің өсуіне назар аударады көңіл аударады. Олар трансперсоналды психологиямен бірге жүреді, яғни, санаға әсер ететін медитацияның немесе басқа да жаттығулардың көмегімен біздің күнделікті өмір шеңберімізден , жеке тәжірибемізден шығып кететін сананың терең күйіне жетуге болады.
Батыс психологтарының олардан айырмашылығы сол, өсуді эгоның күшеюі деп көрсетеді: улкен тәуелсіздікке жету, дербестік, өз дегенiн iске асыру , невротикалық процестерден арылу және психиканың саулығы. Әйтсе де, трансперсоналды өсу концециасы және эгоның күшеюі бір-біріне қарама-қарсы емес, олар бір-бірін өзара толықтырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |