Адлердің негізгі теориялық принциптері :
Компенсация сезімі
Өмір стилі
Әлеуметтік қызығушылық
Мен шығармашылығы
Туылу реті
Фикционды финализм
Адлердің тұлғалық теориясындағы еңбектеріне «Практика и теория индивидуальной психологии», «Исследование физической неполноценности и её психической компенсации», «Невротическая конституция», «Смысл жизни», «Постижение человеческой природы», «Наука жизни», «Социальный интерес: вызов человечеству», «Образ жизни» жатады.
Пайдалынлған әдебиеттер
↑ Адлер, Альфред — статья из Электронной еврейской энциклопедии
↑ Пол Феррис. Зигмунд Фрейд
↑ Элленбергер Г. Ф. Открытие бессознательного. — 2004.
↑ Фрейджер Р., Фэйдимен Д. «Теории личности…». — 2009.
8 дәріс. Когнитивтік бағдарлардағы тұлға теориялары.
Тұлға
Отандық психологияда және педагогикада сәнге айналған және кең таралған сөздер " тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы (самореализация )", "өзін-өзі өзектендіру", " тұлғалық өсу". және т.б. болып табылады. Бұл ойлар өздігінен туындаған жоқ. Біздің тума биологиялық серіктесіміздің өсуін және адамдардың дамуын психологиялық өсу мен даму тенденциясы ажыратып көрсетеді. Бұл тенденцияны адамдардың өзін көрсетуге деген талпынысы, өзін түсінуді қалау және өзінің қабілеттерін толық әлемде жүзеге асыруға деген қажеттіліктен туады деп көптеген психологтар қарастырған болатын.
Тұлға теориясы. Классикалық фрейдизм адам табиғатына пессимистік көзқарасты ұстанады, яғни, олардың айтуы бойынша адам табиғаты - жағымсыз-асоциалды және деструктивті. Сондай-ақ адам бұнымен өздігінен күресе алмайды, оны психоаналитиктің көмегімен шешуге болады. Осыған сәйкес, психоанализ шеңберінде, "тұлғалық өсу" түсінігі мүмкін емес және болмайды.
В. Франкл мен Дж.Бюдженталдың экзистенциалды бағытында адам бастапқыда мәнге ие болмайды, бірақ оны өзін-өзі қалыптастыру кезінде иеленеді, бұл жерде жағымды өзектенуге кепілдеме берілмейді, бірақ адамның өзіндік бостандығы мен жауапкершілікті таңдауының нәтижесі болып табылады.
Бұл ойдың кең тарауы нәтижесінде бихевиористер мен кеңес психологиясының біршама бағыттары осы ойды қолдаған болаты. Бұл бағыттардың ұстанған түсініктері ретінде тұлғаның өсуі емес, дамуын айтсақ болады.
Христиандық антропология тұрғысынан қарайтын болсақ, адам табиғатының мәні Адамның күнәхарлануы қалыптан тыс күй болып табылады, ал оның "өздігі (самость)" тұлғалық шама болып табылмайды, бірақ адам мен Құдай арасындағы кедергі ,сонымен қатар , адамдар арасындағы да .
Православиелiк оқуға, адам жаны тек жоғарыға ғана ұмтылмайды, күнә жасауға да душар болады, яғни, жанның барлық қозғалыстарын бұрмалай отырып, оны тереңнен жаралайды.
НЛБ -да " тұлғалық өсу" түсінігі қолданылмайды. Бұл бағыт тек сәтті техникаларды моделдейді және принципті түрде " адам табиғатында шындығында не жатыр" деген сұраққа жауап беруден қашады.
Өз уақытында Макс Отто былай деген: " Адамның терең философиялық қайнар көзі,яғни, оны әрекеттендіріп және қалыптастыратын сенім болып табылады немесе оны сенімнің болмауы. Егер адам адамдарға сенім білдіріп әрекет ететін болса және соның нәтижесінде мәнді нәрсеге қол жеткізе алатынына сенсе, онда ол өз өміріне және әлемге өзінің сенімімен үйлесімді болатын ой қалыптастырар еді. Сенiмнiң жоқтығы тиiстi ұсыныстарды тудырады " (Хорни К., 1993, с. 235). Осылармен қатар адамда - құндылық құрауыштары болады. Бұл аксиомалық ұстаным болып табылады және концептуалды құрылыстардың нақты іргетасы болады.
Егер адамдардағы "сену-сенбеу" критерийін психологиялық теорияның негізіне кіргізетін болсақ, онда олар екі топқа бөлінеді: адам табиғатына "сенетіндер" (яғни, гуманистик бағдарланғандар ) және "сенбейтіндер". Әйтседе, осы топтардың ішінен айырмашылықтарды көруге болады, сол себепті оларды тағы да бөліп қарастырсақ:
1. " Сенбейтіндердің" тобында (пессимистер) адам табиғаты жағымсыз-асоциалды және деструктивті және адам бұнымен өзі күресе алмайды деген қатаң позициялар бар ; және табиғи мән адамда былайша айтқанда жоқ және ол бастапқыда сыртқы әсерлерден қалыптасатын бейтарап обьект ретінде көрінеді деген жұмсағырақ позициялар бар.
2. "Сенетіндердің" тобында (оптимистер) радикалды, шартсыз - позитивтi көзқарастар қалыптасқан, бұнда адамның қайырымды және конструктивтiк мәнi тиiстi жағдайларда ашылатын потенциалдың өңiнде салынған;
Егер адамның мәнi негативтi болса, онда оны түзеу керек; егер олай болмаса онда оны жасау, қалыптастыру керек және оны адамға салу қажет (бұл екі жағдайда да негізгі бағдар ретінде қоғамның қызығушлықтары орын алады). Егер ол позитивті болатын болса - оған ашылуға көмектесу қажет; егер мән еркiн таңдау арқылыны алса, онда оған осы таңдауды жасауға көмектесу қажет (осы соңғы екі жағдайда адамның өз қызығушылықтары басты бағытқа тұрғызылады).
Қорыта келгенде, тұлғалық өсу және өз дегенiн iске асыру гуманистiк психологияның адамға көзқарасының логикалық жалғасы болып табылады және мәні бойынша сенуші емес адамдармен, түзетуші және қалыптастырушы бағыттармен сәйкес емес.
Соңғы кездері адам табиғаты мен қалыптасуында мәнге ие бағыттар мыналар болып табылады:
когнитивті психология
Адамгершiлiк потенциалдың дамуы ( the human potential movement)
әйел психологиясы
шығыс идеялары
Достарыңызбен бөлісу: |