Тұлға құрылымында төрт деңгейді бөліп көрсетуге болады:
Бірінші деңгей биологиялық негізді құрайды, яғни, оған психиканың жасерекшелік, жыныстық қасиеті, жүйке жүйесінің тума қасиеті және темперамент кіреді. Бұл деңгей саналы өзін-өзі жетілдіруге және жаттықтыруға көнбейді.
Екінші деңгей тұлғаның ұйымдасуына адамның психологиялық процестерінің индивидуалды ерекшеліктерін қосады, яғни, естің, қабылдаудың, түйсіктің, ойлаудың, эмоцияның, қабілеттің индивидуалды пайда болуын қамтиды. Бұл деңгей туа біткен факторларға тәуелді бола отырып, сонымен қатар, индивидуалды тәжірибеден, жаттығудан, дамудан және осы сапалардың жүзеге асунынан тәуелді болады.
Үшінші деңгей адамның өмір сүру барысында иемденетін білімдері, дағдылары, әдеттері мен білулері негізінде тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тәжірибесін құрайды. Олар әлеуметтік сипатқа ие, оқыту, бірлескен іс-әрекет процесінде қалыптасады және осыған сәйкес мақсатқа бағытталған жаттығудың көмегімен өзгере алады.
Төртінші тұлғаның жоғарғы деңгейі, iшкi өзек (стержень), оның құндылық бағыттарын құрайды. Құндылық бағдардың ең қарапайым анықтамасы - жақсы туралы мінсіз ойлар. Құндылық бағдар адамның өзіне және әлемге деген жалпы бағытын анықтайды, оған мағына береді. Құндылық бағдарлар адамның тұрақты елігу жүйелеріне , идеалдарына және көзқарастарына, сонымен қатар сенімдеріне, дүниетанымына, өзін-өзі бағалауына, мінез ерекшеліктеріне әсер етеді. Құндылық бағдарлар адамның барлық өмір тәжірибесі негізінде қалыптасады.
Адамның қоғамдағы мінез-құлы стихиялы түрде болмайды, ол белгілі бір әлеуметтік рөлдер негізінде болады. Рөлдер - басқа адамдармен қатынас кжүйесіндегі тұрақты орын болып табылады ( мысалы: студент, оқытушы, әйел, сатып алушы және т.б.). Мысалы, дәрігер өзінің бөлмесінде пациентті өзі туралы айтуға, шешінуге шақыра алады және т.б. Бірақ ол осының негізінде ақ халат киіп, өзін дәрігер қызметкеріне лайықты түзу ұстау керек. Одан пациентке деген назар аудару күтіледі және жеткілікті дәрежеде кәсібибілім деңгейінің жоғары болуы талап етіледі. Дәл осы адам жұмыстан кейін дүкенге кіріп сатып алушының рөлінде болып, мүлде басқа құқықтарды иемдене алады. Тұлға бітістері индивидумның әрекетін құрайды. Тұлғаның әр бітісі басқаларға қатысты тәуелсіз болады. Бір және сол адам әртүрлі жағдайларда пайда болатын оқиғаларға айланысты қарама-қарсы бітісті иемденуі мүмкін. Мысалы, адам жақындарына қайырымды, жұмсақ болып, ал басқа адамдарға қатал әрі дөрекі болуы мүмкін. Сонымен қатар осылармен байланысты адамның мінезі қалыптасады. Мінез іс-әрекеттің әртүрлілігінде пайда болады, адамның бүкіл өмір бойымен анықталады және қалыптасады.
Ересек адамның мінезі әбден орнықты. Оны тренингтің көмегімен айтарлықтай өзгерту қиын. Бірақ адамды үйретуге болады, біріншіден - өз мінез бітісін сезіну, екіншіден - жағдайды талдау және көрсету немесе оның белгілі бітісін сақтау, яғни, мінез-құлықты бейделген ретінде жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |