ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны



бет11/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

Адамгершiлiк потенциалдың дамуы
Адамгершiлiк потенциалдың дамуы 1950-1960 жж. ең бірінші Калифорниядағы Исален институтында және Мэн штатындағы ұлттық ғылыми лабораторияларда, сондай -ақ Роджерс және Малоу теорияларында туындай бастады. Қазіргі кезде ол кең таралған мәдени феномен ретінде көрінеді.
Бұл бөлімде тұлғалық өсуді түсіну белгілі көшбасшы К. Роджерстің " Адамгершiлiк потенциалдың дамуы" концепциясын негізге ал отырып - оның тұлғалық-орталықтанған бағытына сүйенеді.
Тұлғаның құрылымы және дамудың деңгейлерi.
Жалпылай түрде тұлға - өзіне басқа адамдарды қоса отырып, сыртқы әлеммен және ішкі әлемімен өзінің әрекеттестікте болатын өз өмірінің субьектісі ретіндегі адам. Тұлға тулғананнан биологиялық алғышартар мен өмір сүру барысында пайда болатын әлеуметтік тәжірибені және заттық іс-әрекетті иемдене отырып қалыптасады. Тұлға тұрақты болып табылады, бірақ, бір мезгілде, ол ылғи өзгеріп отыратын ортаға бейімделудің нәтижесіне байланысты өзгереді. Сондықтан биологиялық алғышарттар және индивидуалды тәжірибелер қайталанбайды, сонымен бiрге әр тұлға дара және бiртума болып табылады. Ол адамдағы бүкіл психологиялық қасиеттерді біріктіретін әмбебап құрылымды иемденеді. Әйтседе тұлғаны өзгертуге, түсінуге және зерттеуге болатын жалпы заңдылықтарды иемденеді.
Тұлға құрылымыда оның жетілегендігін куәландыратын үш құраманы бөліп көрсетсек болады:
1. Танымдық құрамалар - адамның өзі, басқа және әлем туралы ойларын қосады; Жетілген, сау тұлға былай ерекшеленеді:

  • тiршiлiк әрекетiнiң белсендi субъектiсi сияқты өзiн бағалайды, еркін таңдау жасай алады және оған өз жауапкершілігін ала алады.

  • басқа адамдарды тiршiлiк әрекетi процесінің әмбебап және тең қатысушылары ретінде қабылдай алады.

  • әлемді үнемі өзгеруші ретінде қабылдайды, яғни, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ол әрқашан жаңа және қызықты кеңістік болып табылады.

2. Тұлғаның эмоционалды саулығына:



  1. өзінің түйсінулеріне сену және оларды мінез-құлықтың негізі ретінде қарау қабілеттілігі, яғни, бұл дегеніміз әлем қалай елестетесің сондай және адамның дұрыс шешімді қабылдай алуы мен оны жүзеге асыра алатындығына деген сенімділігі болып табылады.

  2. өзін және өзгені қабылдау, басқа адамдарға деген шынайы қызығушылық.

  3. әлемнің жағымды жағын қабылдауға деген қызығушылық.

  4. нақты болған жағдайға сәйкес, күшті оң және тері эмоцияларды уайымдауға қабілеттілік.

3. Мінез-құлық құраушылары өзіне, басқа адамдарға және әлемге деген қатынас әрекеттерінен тұрады. Жетілген сау тұлғада:

  1. әрекет өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, жүзеге асыруға бағытталған.

  2. басқаларға деген қатынас мінез-құлқы тiлектестiк және олардың тұлғасын құрметтеуге негізделген.

  3. Әлемге қатысты мінез-құлық көпшілдікке бағытталған, кейде оның ресурстарын қалпына келтіру және өзінің шығармашылық әрекеті нәтижесінде жүзеге асыру, сондай-ақ өзінде барға ұқыптылықпен қарау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет