10 дәріс. Тұлғалық өсуде қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік.
Эрик Леннард Берн (ағылш. Eric Lennard Berne, нағыз есімі: Леонард Бернстайн, 10 мамыр 1910, Монреаль, Канада — 15 маусым 1970) — американдық психолог және психиатр. Транзакциялық талдау бен сценарилік талдау теориясының негізін қалаушы ретінде танымал. Психоанализ идеясы мен жүйке және психика ауруларын емдеу әдісі мен жалпы теорияларын дамытуда, Берн өз назарын тұлғааралық қарым-қатынас негізінде жатқан «транзакцияларға» бөлді (ағылш. trans- — суйеулер, бірінші нәрсенің екінші бір нәрсеге деген әрекеті, және ағылш. action — «әрекет»). Транзакциялардың кейбір түрлерінің жасырын мақсаты болады, ол оларды ойындар деп атайды. Берн үш эго-күйді қарастырады: Ересек, Ата-ана және Бала (фрейдтік емес Мен, Жоғарғы-Мен және Ол). Бернның пікірінше, адам қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскенде осы күйлердің бірінде болады.
Эрик Берн (Эрик Леннард Бернштейн) Монреалда (Канада), Ресейден шыққан доктор Давид Гиллеля Бернстайн мен әдебиетші Сара Гордонның отбасында дүниеге келген,қаланың кедей еврейлері тұратын ауданында тұрған. Оның әкесі дәрігер терапевтікпен айналысқанда,ауруларды тексергенде көбіне ұлын өзімен алып жүретін болған. Анасы Берна кәсіпқой жазушы әрі редактор болған. 1921 жылы күйеуі қайтыс болғаннан кейін, Берн мен әпкесін әдеби шығармашылықпен айналысып,балаларын материалдық жағынан көмектескен.
Оливер Джеймстің айтуы бойынша, Бернге әкесінің өлімі қатты әсер еткен. Әрине, әрқашан ауруларды емдейтін, әкесінің өзін емдей алмауы қатты тиді. Бұл жайлы оның алғаш шыққан "Транзактілі талдау" еңбегінің басында былай делінген: Медецина докторы, хирургия шебері, кедейлердің жанашыр дәрігері , әкем Дэвидке арналады деп жазған болатын. Берн Монреалдағы Мак Гилль университетінде ағылшын тілін,психологияны, медецинаның дайындық курстарын оқыған болатын. 1931 жылы гуманитарлық ғылым саласында бакалавр дәрежесін алды. 1935 жылы сол университетте медецина докторы және хирургия магистратурасы дәрежелерін алды. Кейін АҚШ-қа аттанып, сол елдің азаматтығын алады. Нью Джерсидағы Инглвуд ауруханасындағы интернатурада психиатриалық ординатор болғаннан кейін, Иельский университетіне ұсынылады. Ол өмірінде үш мәрте үйленген. Ол кездегі антисимиттік бағытқа байланысты, ол өзінің тегін ауыстыруына тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |