Транзакциялық талдау
Берн теориясындағы тұлға Эго-ның сананың арнайы қалыптарында және жүріс-тұрыс үлгілерінде көрінетін ерекше қалыптардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Автор Эго-қалыптың үш негізгі түрін көрсетеді:
« Ата-ана» - балалық шақта маңызды авторитеттерге немесе өз ата-анасына еліктеу қалпы. Ол дәстүрлерді, құндылықтарды, нормалар мен ережелерді бейнелей отырып көптеген басқа таптаурындар мен автоматтандырылған жүріс-тұрыс формаларынан тұрады. «Ата-ана» нормалар мен ережелерді білуін қамтамасыз етеді. Негізінде – бұл тұлғаның моральдық аймағын белсендіру.
«Бала» - ерте балалық әсерленулермен және алаңдаушылықтармен байланысқан аффективті комплекстері бар тұлғаның бөлігі. Бұл қалыптың екі формасы бар: интуицияның, шығармашылықтың, қуаныштың қайнар көзі болатын табиғи «Бала» және «Ата-анасының» ықпалына байланысты өз жүріс-тұрысын ауыстыратын бейімделген тәуелді «Бала». Негізінде – бұл қалыпты тұлғаныі эмотивті аймағын белсендіру.
«Ересек» - қоршаған әлеммен эффективті әрекеттесу үшін ықтимал болатын бағасының және ақпараттың өңделуі жүретін қалпы.
«Ересек» «Ата-ана» мен «Баланың» әрекеттерін байқайды. Негізінде – бұл тұлғаның рационалды аймағын белсендіру.
Транзакционды талдау қолдана отырып, адамдар эмоция, интелект, инсайтқа жетеді. Бұл процесс оптимисттілікке әкелдеі, яғни адам мынаған келеді. «Иә, дәл солай және бәріне де болады».
Берн теориясы жүріс-тұрыс өзгешеліктерін бақылауда қалыптасты. Оның негізгі назары – стимулдар болды (сөз, әрекет, дыбыс). Бұл өзгерістер – бетінде, дауыс ырғағында, сөз құрылымында, мимикасында, өзін-өзі ұстауында көрініс береді.
Доктор Берн бойынша, кейбір трансакциялар жасырын мотивтерге ие және тұлға оларды психикалық ойындарда манипуляция тәсілі ретінде қолданады.
Оның тағы айқындығы, адамдар өздерін театрда көрініс оқығандай көрсетеді. Бұл анықтамалар Бернның керемет теориясының дамуына әкелді. Ол теория трансакционды талдау деп аталады.
Трансакция – қарсылық бірлігі. Адамдар бір топта бола отырып, бір-бірін көндіреді немес басқа жолмен өздерінің бар екендігін, хабардар екендігін көрсетеді. Бұл трансакционды стимул деп аталады.
Трансационды стимулға адам жауап береді. Бұл трансакционды реакция деп аталады. Трансация кезектілік бойынша жүреді. Ол тұлғаның ерекшеліктерімен,шынайы жағдайымен жоспарланады. Қоғамдық іс-әрекеттің қарапайым формасы – процедура, ритуалдар.
Процедуррра – қарапайым қосымша үлкен тарнсакциялар сериясы. Ол іс-әрекет пен әсерге бағытталған. Бұл анализ рамкасында ритуал болып аталады. Қосымша қарапайым трансацияның стереотипі сериясы сыртқы әлеуметтік факторлармен берілген.
Бейресми ритуал қатармен ерекшеленеді, ал ресми ритуалдар аз бостандығымен сипатталады.
Процедура және ритуал да стереотипті, бірақ процедура үлкендермен, ритуал ата-анадан келген тізбек бойынша жүреді.
Алғашқыда трансакционды талдау психотерапиялық әдіс ретінде дамыды. Трансакционды талдау белгілі бір топтарда қолданылады. Топта адамдар өзін сезіне алатын тұлға құрылымын қарастырады.
Трансакционды талдау тек психотерапияда қолданылып қана қоймай, адам жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін толғандыру шақырады. Мұны көп адамдар түсінеді және қолданады.
Трансакционды талдау – бұл рационалды әдіс. Ол жүріс-тұрысты аяқтауға негізделген. Ол бойынша әр адам өзіне сүйенуге уйренеді, өзі үшін ойланады және шешім қабылдап, өз сезімдерін ашық білдіреді. Оның принциптері жұмыста, үйде және көршілерімен қатынаста қолданылады, яғни барлық жерде.
Берн айтуынша, Трансакционды талдаудың маңызы : «ашық және ортақ өзара әрекетте эмоционалды және интелектуалды тұлға өз компоненттерімен эмоция және интелектісін қолдануда қабілетті».
Достарыңызбен бөлісу: |